№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛАБАҚША БӘСЕКЕСІ: САН МЕН САПА ҮЙЛЕСІМІ ҚАНДАЙ?

БАЛАБАҚША БӘСЕКЕСІ: САН МЕН САПА ҮЙЛЕСІМІ ҚАНДАЙ?


Халықтық педагогикада жеткіншектің жас ерекшелігіне қарай ұл мен қыздың тәлімді, тәрбие болуына маңыз берілген. Бүгінде бүлдіршіндердің тәрбие бесігі – балабақша. Бұған Мемлекет басшысы маңыз беріп «Балапан» бағдарламасы арқылы шешуді тапсырды. Сыр өңірі тапсырманы мерзімінен бұрын орындады. Осылайша балабақшалар саны артты. Бірақ, сан сапаға сай ма? Біз осыны зерделеп көрдік.
САН ЖӘНЕ САПА
Ғалымдардың пайымдауынша, адам тәрбиенің 85 пайызын 5 жасқа дейін қалыптасып, 15 пайызын өмір бойы оқу-тоқумен толтырады-мыс. Бұдан, 5 жасқа дейінгі бала тәрбиесінің маңызын ұғуға болатындай.
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңы 2012 жылдың 30-қаңтарынан бастап күшіне енді.
Осы өзгерту жүзеге асқалы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жеңілдікпен жекеменшік балабақша ашуға, мемлекеттік әріптестік аясында жұмыс жасауға мүмкіндік ашылды. Нарықтық қатынастарға жақсы бейімделген жаңақорғандықтар көптеп жекеменшік балабақша ашты. Тіптен, Сыр өңірінде балабақша жөніндегі үздік көрсеткіш біздің ауданда. Яғни, 123 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оның 26-ы мемлекеттік, 21-шағын орталық, 76 жеке балабақша.
Тамыз кеңесінде ауданның бас ұстазы Болат Ибрагимов балабақшаларда тәлім беретін 644 тәрбиешінің 466-ы жоғары білімді, 176-ы арнаулы орта білімді деген еді. Ең қызығы, балабақша кадрларының тек екеуі ғана жоғары санатты болса, бірінші санатты – 44, екінші санатты – 95 педагог қызмет етуде. Ал, 503-і мүлдем санатсыз мамандар қатарында. Бүгінде балабақша тәрбиешілерінің 1,2 пайызы жоғары, 6,9 пайызы 1 санатты, 22,9 пайызы 2 санатты болса, 69 пайызы санатсыз кадрлар. Осыдан-ақ, кадр сапасы жөнінде не деуге болады?
Балабақша көптеп ашылуы бәсекені қалыптастырды. Жеке балабақшалар көлік тасымалын жолға қойды. Көрнекілік құралдармен қамтамасыз етуде. Балалардың танымдық ой-өрісін арттыратын түрлі шаралар ұйымдастыруда. Бірақ...


МАМАНДАР ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
Балабақша бәсекесі балабақша құнымен шектелмейді. Қымбат балабақшаға қарағанда қарапайым балабақшаның бәсі жоғары болып жатады. Мұны балабақшада жүрген баланың тұлғасынан аңғару қиын емес. Жекеменшік балабақшалар арасында заманға ілесіп келе жатқандары бар. Бірақ, бәрі бірдей емес.
Аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Фатима Тұртановадан балабақша мамандары жайлы біраз жайға қанықтық.
Оның сөзінше, мантессори маманына сұраныс жоғары. Қазір «Болашақ», «Балғын», «Алпамыс», «Рауан», «Қызғалдақ», «Балдәурен» балабақшасында мантессори кабинеті жұмыс жасайды.
Логопед пен дефектолог маманы сұранысқа ие мамандық болып тұр. Осы мамандық бойынша бітірген маманға қай балабақшада болмасын жұмыс табылады. Десе де, осы салада білім алған жастар жоқтығы баланың дамыту, тіл жетілдіру мәселесіне әсер етуде. Аудан бойынша логопед, психолог маманы мемлекеттік балабақшаларда ғана кезігеді. Ал, дефектолог 3 мемлекеттік балабақшада ғана жұмыс жасайды. Дефектологтар санының аздығы тіл және тірек қимылы кешеуілдеген бүлдіршіндердің жеткілікті деңгейде сауықтыру жұмысына алуға кедергі екенін айтпасақ та түсінікті. Ал, жеке балабақшалар ішінде «Еркетай орталық» балабақшасында дефектолог-логопед жұмыс жасауда. Ал, ағылшын тілінде баланың тілін сындыратын балабақшалар да көп емес.
Біздің мақсат – балабақшалардан мін іздеу емес, уақыт талабына сай ағылшын тілі, психолог, медбике логопед, дефектолог және мантессори және т.б. мамандар жұмыс жасап, балалардың бәсекеге сай қалыптасуына жағдай жасаса деген ой.

ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе». Бұл тәмсіл дамыған елдің приципіне айналған ба, дерсің. Меселең, Германияда мемлекеттік емес балабақшалардың барлығына лицензия алу міндетті. Ал, рұқсат қағазын алған балабақшалар мемлекеттік талап-міндеттерге сай болуы тиіс.
Жапонияда балабақшалардың барлығы Білім министрлігі қарамағында. Ең бастысы, барлық балабақшалар ұлттық бағдарламалар аясында оқытады. Онда Білім министрлігінен бөлек, Еңбекпен қамту министрлігі де қадағалау жүргізеді. Біздікінен ерекшелігі олардың балабақшаларында 8 түрлі жас ерекшелікпен оқытады.
Солтүстік Кореяда барлығы мемлекеттік балабақшалар екен. Әлеуметтік топтарға бөлінген балабақшалар да бар.
Озық балабақша үлгісі Англияда қалыптасқан. Онда жекеменшік балабақшаларды мемлекет қаржыландырады. Күнделікті сабақтары мөлшерлі уақыт аралығында өтеді. Төрт жастан балаларды өз еңбегін бағалауға үйретеді. Талдау жасатуды бастайды.
Францияда 3 жастан 5-ке дейін тегін балабақшамен қамтылған. Мемлекет қадағалауында. 100 пайыз балабақшамен қамтылған. Кезек мәселесі жоқ. Әрі балабақша қабырғасынан баланың жан-жақты қалыптасуына мән беріледі.

P.S.: Елбасы «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» деді. Білімді, белсенді жастар балабақшада қалыптасады. Ендеше, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында балабақшалар заманға сай болуы тиіс. Балабақшаның меншік иелері мен меңгерушілері осыны терең түсінсе...

Мақпал МАРҚАБАЙ.
22 мамыр 2018 ж. 2 006 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 10:31
Cialis 5 Mg Generico Precio Cialis Medicaments Generiques viagra Generique Baclofen 25mg Trouver Viagra Pas Cher

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 19:07
Apotheke Viagra Berlin cialis comprar en andorra Peppermint