№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » МАШЫҚТАНҒАН МОНТЕСОРИ МАМАНЫ

МАШЫҚТАНҒАН МОНТЕСОРИ МАМАНЫ


Италиялық тұңғыш әйел-дәрігер Мария Монтесори өз баласының бойындағы кемшілікті байқап, ғылыми-педагогикалық жаңалық ашты. Өмірден философиялық ой түйген доктор баланы даму әдістемесін түзді. Оның бала тәрбиесі жайында жазған 25 томдық еңбегі Гиннестің рекордтар кітабына енді. Әлемдегі үздік әдістемелік құрал экономикасы мен әлеуеті дамыған елдердің мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданыла бастағанына жарты ғасырға жуықтаған. Міне, осындай озық тәжірибе дамыған отыз ел қатарына қосылуға талпынған біздің елге де аяқ басты. Жас тәрбиешілерге Монтесори әдістеменің ерекшелігін ұғындырып жүрген Бибисара Шайхсламованың іскерлігін сөз еткенді жөн көрдік.
№27 «Рауан» балабақшасында меңгерушісі Бибисара Сейтбекқызы аудандық семинар-тренинг өткізуге машықтанған. Оған отыз жылдық еңбек өтілінде қолданып келе жатқан монтесори технологиясы себеп болды. Оқыту жүйесіндегі тиімді әдісті Түркістан гуманитарлық университетінде игерген. Жоғары оқу орнын бітіріп келген жас еңбек жолын Келінтөбе ауылындағы «Құралай» мемлекеттік балабақшасында тәрбиеші болып бастайды. Тәжірибе жинақтаған маманның қарым-қабілетін байқаған басшылар №27 «Рауан» балабақшасында меңгерушісі қызметіне тағайындайды. Өрлеудің даңғыл жолына түскен меңгеруші монтесоридің әдісін күнделікті жоспардан түсірген емес. Өзі басшылық етіп отырған ұжымда баланың дұрыс қалыптасуы үшін монтесори кабинетін жасақтады. Балабақша тәрбиеленушілерінің еркін сабақ меңгеруі үшін кабинеттің жарық түсуі мен көрнекі құралдардың сапасына мән берген. Балғындардың сезу, ойлау, сөйлеу қасиетін дамытуға арналған әдіспен қызық сабақтар жүргізіліп тұрады.
Тарқатып айтқанда, сезу сағатында баланың көзбен көрмей-ақ, алақанмен сипап, қолмен ұстап қандай зат екенін анықтауға үйретеді. Мұны Монтесори технологиясында «саусақ маторикасы» деп атайды. Бұл әдіске қазақ халқы ертеден мән берген. Мәселен, «Санамақ», «Қуырмаш» және т.б ойындары баланың саусақ маторикасын дамытуға әсер еткен. Тиімді технологияда қазақтың көне ойындарын жаңғыртып, сабақ жоспарына енгізген Бибисара Шайхсламова: «Монтесори әдісі қатып қалған қағида емес. Заманауи мүмкіншілікке байланысты әр түрлі элементтерді кәдеге жаратуға болады. Баланың өз қатарластарымен бірге дамуы үшін оның қызығушылығын жан-жақты зерттеп, ой елегінен өткізіп барып, тиімді технологияның жоспарын құрған абзал. Бір сөзбен айтқанда, тәрбиеші – баланың сырлас досындай адал болуы маңызды», – деді.
Ойлау жүйесінің дами түсуі үшін логикалық тапсырмалар, бейнелеу, құрастыру, және т.б бағыттағы сабақтар ұйымдастырылады. «Ұсақ маторика» арқылы бала денсаулығына оң әсер беруді басты назарға алады. Жасына сай дене қозғалысын қалыптастырып, тепе-теңдік, көз мөлшері секілді қажеттілікті меңгеруге талпындырады.
Балғындардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін әр түрлі дыбыстық тапсырмалар, ән, көркем сөз, тіл және ерін жаттығулары қолданылады. «Тіл қызметінің маторикасы» аясында баланың сөйлеу тілінде кемістігі бар, тұтығып сөйлейтін, сыбырлап немесе асығып сөйлейтін балалармен логопед мамандармен кеңесе жұмыстар атқарылады. Бұл мәселеде қазақ халқының «Жаңылтпаш», «Ертегілер», «Жұмбақ» секілді сөз өнері сабақ барысында жиі қолданылады.
Дамуы кешуілдеген баланы қатарға қосуға арналған әдістемені игеріп, заманауи бағытта өрбітіп жүрген жас мантесори маманы Гүлмира Садықова: «Бибисара Сейтбекқызы өмірлік бағытымды айқындап, монтесори технологиясын меңгеруге бағыт-бағдар беріп, білмегенімді үйретіп, нағыз маман етті. Әлемнің озық әдістемесін оқыту жүйесіне еңгізіп, жеке кабинет жасақтап, баланың өсіп-жетілуіне жол ашты. Тек жұмыста ғана емес, жеке өмірімізде де қамқор көңілін аяған емес», – деді.
Талапшыл басшы ұжымындағы тәрбиешілерін Монтесори мамандығы бойынша курстық білім алуды жоспарлаған. Оның ойынша, кез-келген тәрбиеші Монтесори технологиясын игеруі тиіс. Сондықтан, мемлекеттік балабақшаның педагогикалық маманы Кенжегүл Бөженова мен Гүлдана Асқарова монтесори технологиясының қысқа мерзімді оқыту орталығының сертификатына қол жеткізген.
Айта өтуіміз керек, білікті маман Бибисара Шайхсламова халықаралық Қазақ творчествалық бірлестігінің «Ы. Алтынсарин» төс белгісімен, облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен», аудан әкімі мен білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталған. Бұл белесті ол заманауи технологияларды өзінің ырқына бағындырудағы іскерлігі себеп болғандай.
13 ақпан 2018 ж. 1 480 0