» » ҰБТ-2022: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?

ҰБТ-2022: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?


Достар, бес-алты жыл бұрынғы ҰБТ естеріңізде болар. Тестілеу өтетін мектептің маңында адамның қарасы қалың – ата-аналар да, мектеп директорлары да, жергілікті деңгейдегі әкімдер де жүретін. Сондағысы мектеп оқушылары тестілеуден жоғары балл жинаса деген үміт. Өйткені, мектеп арасындағы рейтинг осы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша анықталатын. Сосын аудандар, облыстар арасындағы бақталастықта да ҰБТ-ның әсері бар-тұғын.

Өйткені әкімдердің рейтингісін саралалауда тестілеудің қорытындысы есепке енетін.Содан барып, үлгерімі төмен оқушыларды тестке қатыстырмауға директор міндеттелетін. Ол біресе оқушыға, біресе ата-анаға түсіндірме жұмысын жүргізіп, психологиялық қысым да болатын.Ал, ҰБТ-ға қатысатын оқушылар тест жаттаумен біріңғай айналысып, өзге пәндер жайына қалғаны да білеміз. Оның бәрін несін жасырамыз. Болған жағдай ғой!Елдің бас ұстазы Асхат Аймағамбетов telegram каналында осы жайттарды саралап, алдағы уақытта ҰБТ қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының жұмысы талданатынын жазды.– Бірнеше жыл бұрын біз ҰБТ қорытындысы бойынша мектептер рейтингін өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ мектептер оқушыларды ҰБТ-ға тіркеу және өтініштер жинау міндетінен босатылды.Мұның бірнеше себебі болды. Оның ішінде – мектеп басшыларының 10-11 сынып оқушыларын тест сұрақтары бойынша басқа пәндерге зиянын тигізе отырып, жасанды түрде тартуға шектен тыс ұмтылысы, өтініштерді жинауда мұғалімдерге қосымша жүктеме.Сонымен қатар үлгерімі нашар оқушыларды ҰБТ-ға қатысудан шеттету, әкімдіктердің өңірдің орташа ұпайын әртүрлі тәсілмен көбейтуге тырысуы және т.б. Бұл ретте ҰБТ-ның орташа балының өзі диагностикалық функцияны орындай алмады. Тек орташа балды білу пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етілуді ғана білдірмейді. Ал егер тақырыптар мен пәндер бойынша талдау болса, бұл басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді, – дейді ол.2021 жылдан бастап ҰБТ жаңа форматта өткізу жолға қойылды. Яғни электронды форматпен және талапкерге тестіні екі рет тапсыруға мүмкіндік берілді. Мұның пайдасын министр былай түсіндірді: «ҰБТ-ның бұл форматы тестілеуге тақырыптық талдау жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жаңалықты біз наурыз айындағы ҰБТ кезінде пилоттық режимде енгіздік».1992 жылы ағарту саласына Ғалым Әбілсейітов жауаптанып, білім-ғылым саласын дамытуды міндетіне алса, содан бері 12 министр алмасып, білім беру жүйесінде түрлі реформа жүргізді. Әсіресе, оқу бағдарламасынан әліппені алып тастау, бастауыш сынаптан ағылшын тілін енгізу және т.б есімізде ерекше сақталды. Сондықтан білім беру саласындағы кез-келген жаңалыққа үркей қарайтынымыз рас.Асхат Қанатұлы пилоттық жобаның маңызын:– Енді түлек тестілеуді аяқтағаннан кейін жинаған ұпайларының нәтижесін ғана емес, сонымен қатар қандай тақырыптарды білетіні және қайсысына көңіл бөлу қажет екені туралы қосымша талдау алады. Дәл осындай талдауды мектепке де, нақты пәнге қатысты да, аудан, облыс және жалпы республика көлемінде де жасаймыз.Бұл шешім тестілеушілерге қандай тақырыптарға назар аудару, қандай тақырыптарды күшейту керегін көруге мүмкіндік береді. Яғни сынаққа қатысушылар қазірдің өзінде өздерінің әлсіз тұстарын анықтап, жеке тақырыптарға көбірек уақыт бөліп, қателермен жұмыс істей алады, – деп түсіндірді.Министрдің сөзінше, мұғалімдер де оқушылардың қандай тақырыпта қиналғанын көреді. Мектепті алатын болсақ, мысалы, математика пәні мұғалімінің оқушыларының бір бөлігі кейбір есептерді нашар шығаратынын байқауға болады. Талдау себептерді анықтауға септігін тигізеді. Дәлірек айтқанда, мұғалімнің өзі түсіндіруде қиналатыны не бағдарламада уақыт жеткіліксіздігі, оқулықтағы сұрақтар мәселесі және т.б.Тиісінше, талдауға байланысты оқу бағдарламаларын пысықтау, мұғалімдердің мақсатты түрде біліктілігін арттыру, біліктілікті арттыру бағдарламаларын өзгерту және т.б. бойынша шешімдер қабылдай аламыз.Жазғы ҰБТ қорытындысы бойынша әрбір мектеп, облыс, мұғалім және түлек осындай талдау алады.
Нұрлат Байгенже.
01 сәуір 2022 ж. 434 0