№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ҰБТ барысы қоғам өкілдерінің бақылауында болды

ҰБТ барысы қоғам өкілдерінің бақылауында болды


2020 жылдың 20 маусым – 5 шілде аралығында жоспарланған Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу барысына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында облыс бойынша арнайы мониторингтік тобының 27 мүшелеріқатысты.

Бұл ретте, мектеп бітіруші түлектер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті базасында, Қызылорда қаласы, «Мұрагер» мектебінде, Арал қаласы,№262 мектеп-гимназиясында, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ержігіт Бозғұлов атындағы №249 мектеп–лицейінде, Жаңақорған кенті, №110 мектеп-лицейінде, Шиелі кенті, Ғафур Мұхамеджанов атындағы №270 орта мектебінде, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде, Қармақшы ауданы, Ақай ауылы, №99 орта мектебінде, Жалағаш кенті, №202 орта мектебінде Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті.
Қызылорда облысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу 9 пункте өткізіліп, тестілеуден өтуге жалпы 6545 құжат қабылданған(оның ішінде 5608 қазақ тілінде, 514 орыс тілінде, 10 ағылшын тілінде ҰБТ тапсыруға өтініш берген).
Бұл ретте, Ұлттық бірыңғай тест барысын қоғам өкілдері бейнекмера арқылы бақылау барысында, тыйым салынған затты пайдаланғаны, аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзғаны үшін жалпы 22 тестіленуші аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылған, ережеде тыйым салынған (ұялы телефон, шпаргалка т,б.) заттарды аудиторияға кіргізбек болған 24 тестіленуші (Аннулированы при входе) кіре берістен қайтарылды, яғни 46 тестіленуші ереже талаптарын бұзғаны анықталған.
Сондай-ақ, ҰБТ қорытындысы бойынша облыс көлемінде мектеп бітіруші түлектер арасынан ең жоғары балл 132 екендігі белгілі болды. 
Жоғарыдағылардың негізінде, Ұлттық бірыңғай тест барысын бақылаған қоғам өкілдері тарапынан, білім және ғылым министрлігіне жалпы орта  білім беретін ұйымдардың директорлары,
алдағы уақытта мектеп қабырғасында оқып жүрген жоғары сынып оқушылары арасында адалдық сағаттарын жүргізіп, ҰБТ ережелеріне қатысты түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруға және тест тапсырушыларды ҰБТ тапсыру пункттеріне 8.00-ден бұрын жинамау, басқа да туындаған кемшіліктерді жою бағытында ұсынымдар жолдады.
27 шілде 2020 ж. 579 0