№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰБТ-2018: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?

ҰБТ-2018: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?


Ұлттық бірыңғай тестілеудің басталуына үш айдай ғана уақыт қалды. Осы тұста, биылғы қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ны ұйымдастыру және өту тәртібі туралы аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен алқалы басқосу өткізілді. №110 мектеп-лицейіне жиналған 600-ге жуық ата-ана, ұстаздар қауымы мен бітіруші түлектер биылғы науқанның басты ерекшеліктерімен танысты.
Ауданның бас ұстазы Болат Ибрагимов модераторлық еткен кеңейтілген кездесуде жаңақорғандық оқушылардың ҰБТ-ға дайындық барысы қарқынды екені белгілі болды. Жылдан жылға көрсеткіш көлемі көтеріліп келе жатқан ауданда 2014 жылғы орташа көрсеткіш 68,5 баллды құраса, 2015 жылы 81,6 баллды еңсердік. Ал, 2016 жылы 83,3 баллға тұрақтадық. Соңғы жылдардағы серпіліске «Тау самалы» тынығу лагеріндегі дайындық жұмыстары өз әсерін бергені шындық.
Өз кезегінде Ұлттық тестілеу орталығы №70-базалық филиал жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Асқар Әлиұлы биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және енгізілген өзгерістер жайлы түсіндірме жұмысын жүргізді.
– Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініштер 10-наурыз және 10-мамыр аралығында өтеді. Биыл 15-мәрте өткелі отырған сындарлы сынақтың басты жаңалығы – ҰБТ мен кешенді тестілеуден 50-ден төмен балл алған талапкерлер тамыз айында екінші рет тест тапсыруға мүмкіндігі бар. Егер оданда өте алмаған талапкерлер жоғары оқу орнында ақылы түрде бір семестр оқып, қаңтар айында қайта тест тапсыра алады. Межеден асырып балл жинаса, тегін білім грантын еш даусыз иеленеді. Өздеріңізге белгілі, ескі жүйе бойынша ұлттық тестілеуден өте алмаған талапкерлер не бір жыл бойы ауылда жүретін не болмаса шетелдің оқу орындарына тапсыратын – деді Асқар Әлиұлы.
«Ер кезегі үшке дейін» демекші, мемлекеттің мұндай үш мүмкіндік беру себебін Асқар Әлиұлы былайша түсіндірді. Яғни, жыл сайын 30 мыңға жуық талапкер межелік балл жинай алмай оқудан қағылады. Содан басым бөлігі көршілес Ресей, Қырғызстан елдеріне ақылы оқуға кетеді. Бұл дегеніміз – қомақты қаржы көршілес елдің қазынасына құйылады. Міне, осындай жолдарға тосқауыл қою мақсатында талапкерлерге 3 бірдей мүмкіндік берді. Сондай-ақ түлектер тестілеу кезінде бас-аяғы бес пән бойынша сұрақтарға жауап беріп, оқу грантын жеңіп алады. Әрине, пән көп болған сайын дайындалатын уақыттың да көп жұмсалатыны айқын. Алайда ұлттық тестілеу орталығынан келген жетекшінің сөзінше, екі таңдау пәні арқылы талапкерлердің грантқа түсіп кету мүмкіндігі артады деп отыр. Себебі, екі бейіндік пәннің пайда болуы талапкер үшін қандай артықшылық әкелуі мүмкін? Сала мамандарының айтуынша, егер оқушы математика мен физиканы қатар таңдайтын болса, онда мамандық таңдауға көп септігін тигізеді екен. Яғни, бұл сала бойынша 175 мамандық оқытылатыны, оның ішінде 54-ін таңдауға болатыны белгілі болды. Демек, физика мен математиканы таңдау арқылы талапкердің 40 пайыз оқу грантын ұтып алуға үміті бар деген сөз. Ал, бұрын жалғыз таңдау пәнімен мұндай мүмкіндік аз болған. Оған қоса, айта кету керек, білім ордасында қорытынды аттестация тапсырған түлектер тек аттестат алады.
Қалай десек те, қоғамдық талқының өзегіне айналған жаңа форматты ҰБТ-ның ережелері өткен жылдан бастап бастау алған болатын. Биылда айтарлықтай өзегеріске ұшырай қоймаған ұлттық тестілеуден жаңақорғандық түлектер жоғары көрсеткіш көрсетеді деген үміт басым. Алқалы басқосу соңында, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Ізәтілла Нәрзілдаев, және бір топ ата-аналар мен ұстаздар көкейде жүрген сауалдарына тұшымды жауап алды.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
13 наурыз 2018 ж. 2 964 2

Гость Jeahulalf от 28 ақпан 2019 09:41
No Rx Required cialis Dyes Amoxicillin Liquid Cancer

Гость Jeahulalf от 16 наурыз 2019 11:26
Keflex For Std Why Discard Amoxil After Expire viagra I Get Penicillin From Mexico Amoxil Dosing Guidelines Viagra E Sclerosi Multipla