Соңғы жаңалықтар

№12 (8926) 14

14 ақпан 2026 ж.

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ М.НӘЛІБАЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ М.НӘЛІБАЕВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ


Партияның облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі Нүридин Егембердіұлы Амитовтың сайлаушылармен есеп беру кездесуі М.нәлібаев ауылында жалғасты.
«Жаңарық» бастауыш партия ұйымындағы «М.Нәлібаев ауылдық округі» топтық ұйымында өткен сайлаушылармен кездесу барысында бүгінгі таңға дейінгі Сайлауалды бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарды баяндады. Аудан бойынша бүгінгі таңға дейін Сайлауалды бағдарлама аясында бірқатар нысандар бой көтеріп, халық игілігін көруде. Соның бірі М.Нәлібаев ауылындағы спорттық кешен, «Жайлы мектеп» жобасы аясындағы Жаңарық ауылындағы 300 орындық, Жаңақорған кентіндегі 600 орындық мектеп, Қаратөбеғ Әбдіғаппар ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория нысандары пайдалануға берілген болатын. Бірқатар ауылдар газдандырылып, алдағы уақытта Жаңарық ауылынан Қожакент елді мекеніне дейін ауылдарды газданыру жұмыстары жүргізілетін болады. Ауыл көшелері де жөндеуден өтіп жатыр. Сонымен қатар кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жергілікті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, депутат тұрғындарды партияның алдағы жоспарлары мен атқарылып жатқан жұмыстар жайлы хабардар етті.
21 маусым 2025 ж. 573 0