№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰБТ көрсеткішін қалай арттырамыз?

ҰБТ көрсеткішін қалай арттырамыз?


ҰБТ – ұстаздардың біліктілігін, білімділігін саралайтын құралға айналды. Тіпті, тестілеудің нәтижесінен мектептердің рейтингісі айқындалып жүр. Сондықтан, ҰБТ-ға дайындаудың түрлі әдіс-тәсілдері қалыптасты. Соңғы жылдары ауданда тестілеуден көрсеткіш жоғарылағанымен, аудандар арасындағы деңгейімізбен мақтана алмаймыз. Биыл аудан басшысы Ғалым Әміреев осыған дендеп кіріскен сыңайлы. Оған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбын арқау еткен Тамыз кеңесінде куә болдық. Осы тұста, ҰБТ-ға дайындық жобасының басшысы Нұржан Бижановтан мән-жайды білу мақсатында хабарласқан едік.
Бүгінгі мектептердің негізгі міндеті – оқушыларды толерантты және парасат пайымы биік тұлға етіп қалыптастыру. Яғни, білімді ұрпақ тәрбиелеу тікелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалімнің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру басты назарда.
Ал, ҰБТ – білім сапасының басты көрсеткіші. Ол мектеп бітірушінің негізгі пән бағдарламаларын қаншалықты меңгергенін анықтайды. Пән бағдарламасын толық меңгеру – оқушының, меңгерту – мұғалімнің міндеті. Нақ осы бағдарлама нәтижелі жүзеге асқанда ғана оқушы өзі қалаған мамандық иесі атануға мүмкіндік алады. Демек, тестілеуге дайындалудың жаңа бағыты мен бағдары ұстаздар қауымы мен оқушылар үшін ауадай қажет дүние.
Хош. Енді ҰБТ-ға оқушыларды дайындаудың жаңа бағыт-бағдарына тоқталсақ. Нұржан Бижановтың айтуынша, биылғы тестілеуге дайындық барысының басты ерекшелігі біздің ауданда «Халықаралық Бизнес және Коммуникация Колледжі» мен «EDTECH» Халықаралық Білім Орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жобасын ұсынып отыр. Яғни, ауданда ҰБТ-ға оқушыларды дайындаудың халықаралық деңгейдегі курсы ашылатын болады.
– Біз Жаңақорған ауданының әкіміне өзіміздің тарапымыздан ҰБТ-ға дайындықтың бірегей кешенді бағдарламасының жобасын ұсынып, ол кісінің тарапынан қолдау алдық. Бүгінде әкімдікпен қатар аудандық білім бөлімімен біріге отырып жұмыс жасаудамыз. Алдағы уақытта ашылатын орталыққа ауданнан ұстаздарды дайындап, білікті мамандарға қосымша жұмыс ұсынамыз. Бұл жобаның басты мақсаты – бітіруші түлекті ҰБТ тапсыруда жоғарғы нәтижеге жеткізіп, оның грант иемденуіне көмектесу, – дейді ҰБТ-ға дайындық жобасының басшысы.
Оның айтуынша, қыркүйектің 20-нан бастап аудандағы ата-аналар мен ұстаздарға осы жоба туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, курсқа жұмысқа алынатын мұғалімдерді оқыту басталады. Ал, қараша айының бірінен оқушыларды тестіге дайындау сабақтары басталып кетеді. Орталықтың биылғы ең төменгі межесі 90 балл. Яғни, осы орталықтан дәріс алған әр оқушы ҰБТ-дан ең кемі 90 балл жинайды деп күтіледі.
ҰБТ-ға дайындықтың бірегей кешенді бағдарламасы негізгі бес бағыт бойынша жұмыс жасайды. Олар диагностика, техника, база, тест және педагогтар. Орталық түлектері арнайы білім диагностикасы негізінде өз білім деңгейінің өсуін жүйелі түрде бақылап, техниқалық қателіктің алдын алып тестілеу техникасының тәсілдері арқылы, жүз пайыз білімін дәлелдейді. Сонымен қоса, жыл сайын ҰБТ тапсырмаларынан түзілген базаны үнемі жаңартып, толықтырады. Оқушылар айына бір рет ҰБТ технологиясы бойынша байқау тестілеуіне қатысып отырады.
Соңғы заманауи технологияны меңгерген жаңашыл ұстаздар шәкірттердің психологиялық педагогикалық ерекшелігін ескере отырып дайындайды.
Сондай-ақ, орталықтағы дайындық барысында Еуропа, АҚШ, Ресей және отандық психология мектептері негізінде қалыптасқан ерекше педагогикалық-психологиялық тренингтер өтіп, оқушылардың сенімділігін арттырып жан-жақтылық пен өмірге бейімділігін қалыптастырады. Онда ата-аналар институты құрылып, ата-анаға өз баласына емтихан барысында психологиялық тұрғыда қандай көмек көрсету керектігі түсіндіріледі.
– Жоба аясында Орталық Қазақстандық тәжірибені пайдалана отырып «Кәсіби бағдар беру» бірегей бағдарламасын әзірледік. Ол мектеп түлектеріне өз мүмкіндігі мен қабілетіне қарай мамандық таңдауына көмектеседі. Яғни, біз оқушыға балл жинауға ғана емес, оның сол жинаған баллдың нәтижесі бойынша қандай оқу орнының грантына түсе алатынын түсіндіріп, оның сол оқуға түсіп кеткенше бар құжатына көмектесеміз, – дейді Нұржан Бижанов.

Түйін. Сонымен, ҰБТ-ға дайындау жаңа бағдарламасының нәтижесінде ұтарымыз не? Орталық басшысының сөзінше, жаңа жүйе оқушы мен ата-ананы психологиялық тұрғыдан дайындайды. Екіншіден, оқушы білікті мамандардан дәріс алады. Үшіншіден, баланың нақ қай пәнге икемі барын анықтап, сол бойынша дәріс береді. Төртіншіден, түлектің жоғары балл жинауына көмектеседі. Бесіншіден, түлектің ҰБТ-дан кейінгі оқу орнын таңдауына жағдай жасап, құжаттарын дайындауға көмектеседі. Ендеше, ҰБТ-дан жоғары балл жинауда сүйемелдейтін орталықтың жұмысын қолдай білейік, ағайын!..

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
04 қыркүйек 2018 ж. 900 0