№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰБТ-2019: БІЛІМ МЕН БІЛІК ТАРАЗЫСЫ

ҰБТ-2019: БІЛІМ МЕН БІЛІК ТАРАЗЫСЫ

Биыл Жаңақорған ауданының мектептерінен 843 түлек түлесе, соның 510-ы тестілеуде бағын сынады. ҰБТ қорытындысы бойынша нәтижеге көңіл толады. Неге десеңіз, 62 талапкер 100 балдан жоғары жинады, ал, оның 6-ы мүмкіндігін толыққанды пайдаланып 120 балдан асырды.

Алдымен тестілеуден жоғары балл жинағандар жөнінде тоқ­талсақ. 120 балды №239 және №209 мектептің о
қушысы Шырын Айтметова мен Фариза Жаңабай жинады. №3 мектеп-интернатының екі оқушысы жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Яғни Айдана Әбдіқалық 121 балл, Айжан Маханбет 123 балл алды. Бұл санатта №54 мектептің оқушысы Рамазан Аязбек (122 балл) те бар. Аудан бойынша ең жоғары көрсеткішті Назерке Иса көрсетті. Ол 124 балл жинады.
Мектептер бойынша 100 балдан жоғары жинағандар арасында №3 мектеп-интернаты мен №54 мектеп көш бастап тұр. Екі білім ордасынан 8 талапкер жоғары балмен қуантты. Ал білім сынында №55, №110, №213 мектептің 5 түлегі, №51, №163, №223 мектептің 4 түлегі жақ­сы нәтиже көрсетті.
– Жастардың сапалы біліммен қарулануы мемлекеттің болашағына әсер ететін фактор. ҰБТ осындай күрделі үрдісті тиімді шешуде өзіндік рөлі бар. Сондықтан оқушыны ҰБТ-дан қалдыру қағидасын ұстанбаймыз. Қайта он бір жыл жинаған ілімін тестте тексеруге мол мүмкіндіктер жасалады. Биылғы 24 түлектің 23-і тестілеуге қатысып, білім ордасы ҰБТ қорытындысымен 96,1 балды көрсетті, – деді №3 мектеп-интернатының директоры Ләззат Нәлібаева.
Әр мектептің әлеуеті әр түрлі. Бірінде білім беру үрдісі жоғары деңгейде ұйымдастырылса, енді бірі білім беру жүйесінің басты міндеттерін толық орындай алмай жүр. Жалпы №3, №54, №213, №223, №239 білім ошағының жетістігі көпке үлгі. Бұл мектептер оқушыны тестілеуге дайындаудың ұтымды әдіс-тәсілін біледі. Әрбір оқушыға сапалы білім беруге мән береді. Ал №86, №168, №194, №240 мектепті бұл санатқа жатқыза алмаймыз.
Енді ата-ана мен ұстаздардың тақымын қыстырып, талапкердің білімін таразылаған ҰБТ-ның өткізілу деңгейіне тоқталсақ.
Аудандық білім бөлімінің бас­шысы, Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Болат Ибрагимов: «ҰБТ-ға қатысушы талапкерлерге жағдай жасалды.
Мәселен, Жаңақорған кентінен 50 шақырым қашық елді мекен оқушыларын бір күн бұрын алдырып, жатын орынмен қамтылды. Ыстық тамақ пен тасымал шешілді. №110 мектеп-лицийдің базасында 7 аудиторияда тестілеу өткізілді. Мектеп сыртында ата-аналар үшін арнайы орын дайындалып, тест тапсырып жатқан ұл-қыздарын тікелей көретін монитор орнатылды», – деді.

ТҮЙІН. Биылғы ҰБТ нәтижесінен нені ұғамыз? Алға нақты мақсат, айқын міндет қойып, жұмысты жүйелесе көрсеткішті көтеруге болады.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
29 маусым 2019 ж. 1 146 0