» » ӘБДІҒАППАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

ӘБДІҒАППАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ


Бүгін Әбдіғаппар ауылдық округінде халықпен есептік кездесу өтті. Іс-шараға партияның облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі Нүридин Егембердіұлы Амитов және ауыл әкімі Тайбеков Тажібек қатысты.
«Қыркеңсе» бастауыш партия ұйымында өткен сайлаушылармен кездесу барысында Сайлауалды бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарын баяндады. Аудан бойынша бүгінгі таңға дейін Сайлауалды бағдарлама аясында бірқатар нысандар бой көтеріп, халық игілігін көруде. Соның бірі Қыркеңсе ауылындағы дәрігерлік амбулатория 2024 жылы пайдалануға берілген болатын. бірқатар елді мекендер газдандырылып, жаңа білім ошақтары пайдалануға берілді. Сонымен қатар кездесу барысында фракция мүшесі ауыл тұрғындарының өтініш -тілектерін тыңдап, аяқ су, балабақша, мектеп мәселелері бойынша түсткен өтініштерді назарға алып тиісті басқармаларға депутаттық сауалдар жолданатындығын жеткізді.
Айта кететіні мұндай кездесулер халықпен тығыз байланыс орнатып, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатындағы бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға жол ашады.
20 маусым 2025 ж. 1 127 0