№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2004 жыл: ҰБТ басталды

2004 жыл: ҰБТ басталды


Ел Тәуелсіздігінің отыз жылдық тарихында білім беру саласы түрлі реформаны бастан кешірді. Соның бірі – кешенді тестілеуді ҰБТ -ге ауыстырды. Яғни жоғары мектепте білім алуда тестілеудің жаңа форматы енгізілді. Ал, біздің ауданның талапкерлері жақсы нәтижеге қол жеткізгенін мұрағат көздері мен газеттің ескі тігіндісіндегі мақалалар дәлел болады.


Ұлттық біріңғай тестілеуді алғаш болып 1987 жылы туылған түлектер тапсырды. Қазақ тілінен – 30, Қазақстан тарихынан – 30, математикадан – 30 және таңдау пәнінен – 30 сұрақ қамтылды. Ең жоғарғы балл – 120 балл болса, 40 сұраққа дұрыс жауап бергендер кез-келген оқу орнына ақылы негізде оқуына мүмкіндік алды.
Ұлттық біріңғай тестілеудің алғашқы науқаны №3 мектеп-интернаттың оқу ғимаратында өтті. Шалғай ауылдан келген шәкірттер бір күн бұрын келіп, осы ғимараттың тынығу бөлмесінде орналасты.
2004 жылы ауданда 1450 түлек бітірсе, оның 984-і Ұлттық біріңғай тестілеу кешеніне қатысып, бағын сынады. Жоғары білім алуға ниеттенгендерге арналған сынақта 457 талапкер 40-60 балл, 217-і 60-70 балл, 29-ы 80-99 балл, 224 оқушы 40 баллдан төмен нәтиже көрсетті. ҰБТ-ның алғашқы науқанында 3 түлек 100 балдан асырды.
Тарқата айтсақ, Қыркеңседегі №213 мектептің оқушысы Руслан Әжібаев 109 балл жинап, облыста үздік он түлектің тізіміне енді. Бабы мен бағы жанған №163 мектептің оқушысы Ләззат Машаева тест қортындысындағы 86 балға наразылығын білдіріп, қайта тапсыру кезеңінде 91 балл алды.
Сол кездегі аудан әкімі Нұрлыбек Қалжатайұлы үздіктерді жеке қабылдап, бағалы сыйлығын ұсынды. Аудан әкімінің орынбасары Болат Ибрагимов 80 балдан жоғары жинағандарға марапат жасап, мерекелік кеш сыйлады.
Айта өтейік, алғаш рет ҰБТ үздіктері ішінен 12 түлек мемлекеттік грант иегері атанса, оның ішінде 4-і № 239 мектептің түлектері еді. Осындай көрсеткішке ие болған мектеп ұжымына аудан әкімі УАЗ көлігін сыйға тартты.
– ҰБТ нәтижесінде орта балл жинағаныммен, денешынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығын таңдағандықтан, шығармашылық сынақ тапсырдық. Қазақ тілі мен қазақстан тарихынан орта балл 56 болды. Шығармашылықтың екі кезеңінен жағары нәтиже көрсетіп, Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне мемлекеттік грант негізінде оқуға мүмкіндік алдым. Бұл менің маман болып қалыптасуыма жол ашты деуге болады, – дейді ұстаз-трейнер Дәулет Жұмабаев.
Кешенді тестілеу тарихына зер салсақ, сұрақтарының формасы мен ережелері халықаралық білім беру стандартына сәйкестендіріліп, бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Ұлттық біріңғай тестілеу 2015 жылдан бастап, 5 пәннен 25 сұрақ қойылса, 125 сұрақтың 140 дұрыс жауабын табу міндеттеледі. Яғни, бір сұрақтың бірнеше дұрыс нұсқасы болуы мүмкін. ҰБТ-ға қатысушылар 5 пәннен әрқайсысынан 5 дұрыс жауап белгілеу қажет. Ал, биыл ҰБТ 4 рет тапсырылатын болады. Тарқата айтсақ, биылғы мектеп бітірушілер қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында бақ сынауға мүмкіндігі бар. Ескертетіні, қаңтарда 50 балл жинап, тамызда 120 балл алған талапкер мемлекет грантына ие бола алмайды. Осыдан-ақ, білім деңгейін бағалаудың үлгісі дамып келе жатқанын аңғаруға болады.
Айта кететіні, осы жылы тарихи мекендер тізіміндегі қалалар мен мәдени ескерткіштерді қорғау жөнінде келелі жиындар өтіп, ғалымдардың тың зерттеулері басталды. Оның ішінде, Әл-Сығанақи бабамыздың қолжазбалары зерттеліп, Египет жерінде табылған 3 томдық 7 кітабы туған жеріне әкелінді. Бұл іске мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау жасалып, елшілер арасында келісім жасалды. Сондай-ақ, Машбек Ата мешіті ашылып, ауыл азаматтарының имандық жолға бастауына себепкер болды. Осы жылы Жаңақорған бренді болып қалыптасқан шипалы батпағына сұраныс артып, жаңадан жеке Жаңақорған Шипажайы ашылды.

Мақпал МАРҚАБАЙ
01 қыркүйек 2021 ж. 612 0