» » Ең... Ең... Ең...

Ең... Ең... Ең...

  1. Ауданнан шыққан ең бірінші педагогика ғылымдарының докторы Шәркүл Таубаева. Қазақ ғылымының дамуына үлес қосқан ғалым ұлттық педагогика саласында табысты еңбек етіп келеді.

   2. Ауданда «Алтын белгі» игерін көптеп шығаратын білім ошағының бірі №163 орта мектеп. Аталған білім ордасының ең алғашқы әрі негізін қалаушы Сәдірбай Сапарбаев. Ол мектепті ширек ғасырдай басқарып, ауданда білім саласының дамуына сүбелі үлес қосты.
   3. Ауданда тұңғыш рет 1935 жылы пионер лагері Құттықожа аулында ашылды. Ол осы күнгі «Тау самалы» лагері.
    4. Жаңақорғанда 1904 жылы салынған алғашқы қазақ-орыс мектебінің тұңғыш түлегі мемлекет және қоғам қайраткерлері Садықбек Сапарбеков пен Бегайдар Аралбаев болған.
   5. Ауданда ашылған тұңғыш сауатсыздықты жою мектебінде ең алғашқы сабақ берген мұғалім Низамитдин Илялетдинов болды. Бүгінде №169 орта мектеп оның атымен аталады.
   6. Жаңақорғанда тұңғыш ашылған мұсылман училищесінде 70 оқушы оқыған. Жазушы-публицист Мұхамеджан Қаратаев осында білім алды.
    7. Жоғары оқу орындарында тұңғыш тест Қазақ Ұлттық аграрлық универсетінде 1995 жылы өтіп, оған ауданнан тұңғыш болып Ақсұлу Қалдыбекова қатысып студент атанды.
   8. Ауданда тұңғыш рет ҰБТ 2004 жылы өтті. Сол жылы мектепті 1450 оқушы бітіріп, оның 984 тест тапсыруға өтініш берді. Үш оқушы 100 балл жинады.
12 қараша 2018 ж. 2 216 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 07:41
Buy Propecia Super Active Plus Acheter Levitra En Streaming Ordering Cialis 5mg Prescription cialis Pfizer Zithromax

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 14:22
Order Cialisis With Out Prescription Sildenafil Citrate For Sell Buy Cheap Nexium viagra Achat Cialis Officiel Zithromax Treats What Std Forum site achat cialis