ҰБТ: Түлектердің орташа балы қанша?
2021 жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы өткен жылмен салыстырғанда 5 ұпайға жоғары. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Наужан Дидарбекова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Наужан Дидарбекованың айтуынша, биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы - 69,08. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5 ұпайға жоғары.
Биыл 88 101 талапкер шекті балды жинаса, 57 187 түлек белгіленген шекті балл жинай алмаған.
«Орташа балдың өсуі мектеп бітірушілердің емтиханды екі рет тапсыру мүмкіндігіне ие болуымен байланысты деп есептейміз», деді Н.Дидарбекова.
Ол ҰБТ-ға биыл 145 288 талапкер қатысқанын, оның ішінде 65,5%-ы – қазақ, 24,3%-ы – орыс тілінде, 0,2%-ы ағылшын тілінде тапсырғанын айтты.
Биылғы сынақта 1 923 түлек 120 балдан жоғары жинаса, тек 1 талапкер ғана барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, 140 балл алды. Өткен жылы ең жоғары балл 139 болған еді.
Ал, біздің ауданда ең жоғары көрсеткіш 122 бал болғаны белгілі. Жоғары оқу орнына түлектерге сәттілік серік болсын!