№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Әлшекей күйшінің сүйегі елге орала ма?

Әлшекей күйшінің сүйегі елге орала ма?



Тоғыз перне қос ішектен жанына жақын, көңіліне құс қондырар саз әуезі ұялаған үлкен жүрек иесі шертпе күйдің шебері, дәулескер күйші Әлшекей Бектібайұлының біздің топырақтың перзенті екені кімге де болса мақтаныш. Сол бабамыз өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының соңында «Қызыл бәлшебектерге» жау, бай-құлақтың тұқымы деген жаламен қамауға алынар болған соң бір топ ағайын туысын ертіп үдере көшіп әуелі Өзбекстанға, онан әрі  Тәжікстан арқылы  Ауғанстанға қашады. Атақты күйшінің  жасы сексеннен асып «асарын асап-жасарын жасаған» шағында мұндай шешімге қалай ғана барды екен деген заңды сауал туса керек.
Міне сондай халықтың аяулы перзенті  болған Әлшекей «Толқын» күйі арқылы  туған елмен қош айтысып жат жерге көш басын түзейді. Алғашқыда Өзбекстанның Жызақ, Самарқанд жағына кіре тартып күн көреді. Бірақ артынан қашып жүрген «бай-құлақтың тұқымы» деген сөз жетіп онан әрі көшуге мәжбүр болады. Әлшекейдің ендігі ойыКеңес өкіметі жоқ Ауғанстанға өтіп кету болады. Бірақ Ауғанстан мен Тәжікстан арасын бөліп жатқан шекаралық Вахш өзенінен  өтер жерде көш еріксіз тоқтауға мәжбүр болады. Оған басты себеп осы өзенге жақын жердегі (Тәжістанның Шәрбат ауданы) Яуан ( Жауан) қыстағына жеткенде алдымен екі ұлы Жұмабек пен Әлаухан Бадының желі деген сұрапыл дауылда қайтыс болады. Жұмабек пен Әлауханның  қайтыс болуына  олардың  ауғандық шекарашылармен арадағы қақтығысында болса керек.  Осы бір қайғылы  уақиға жөнінде Әлшекейдің үлкен ұлы Дәнебек былай еске алатын еді, –  деп оның немересі, бұл күні Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бас консультанты Оңғарбай Жидебайұлы айтқан еді.
– 1930 жылдың жазында Тәжікстанға көштік. Осындағы Шәрбат ауданы жеріне келгенде шекараның жабылып қалғанын  білдік. Әкем (Әлшекей-авт.) осы арада тәжіктің Мирза жуге (жуге-сал, сері деген мағынаны білдіреді)деген  азаматпен жолдас болды. Қастарына тағы 2-3 өнерпаз қосылып сол маңдағы қазақ-тәжік ауылдары мен қышлақтарына барып өнер көрсететін.Біздің білетініміз сол маңда үркіншілікпен ауып келген отыздан астам қазақ ауылдары болды. Бұрын мұнда одан да көп болған көрінеді. Шекара ашық кезде көбі өтіп кеткен. Өзеннен күндіз өту мүмкін емес, шекарашылар байқап қалса оқ жаудырады. Ал өзеннің екінші бетінде ауғандар күнде мерекелеп той тойлайды. Осындай мамыражай күндерді аңсаған  бізбен бірге көшіп барған біраз отбасы арғы бетке өткен болатын. Арада оншақты күн өткендесолардың тобынан 2-3 адам жүдеп-жадап жетті. Аш-жалаңаш, денелері көкпенбек, оңбай таяқ жегені көрініп тұр.
Біз де арғы бетке қамданғанда күз болатын. Бірақ бірнеше себепке байланысты көшу мерзімі кейінге қалдырылып отырған. Нақтылап айтқанда бірінші себеп күзде бір соқса бір-бір жарым айға дейін тоқтамайтын Бадының желі басталды. Екінші себеп жанындай жақсы көретін екі ұлының қайтыс болуы, сондай – ақ  үшінші  себеп осы арғы бетке ертерек өтіп кеткен бірнеше ағайынның арып-ашып отбасыларынан айырылып  зорға кері оралғанда айтқан сөздері . Олардың айтуынша шекарадан өткен бұларды арғы беттегі тойлап-думандатып жатқан ауғандар жақсылап күтіп алып бұларды ішке қарай алып кетеді. Жолшыбай бұларға жақсы қарап, ас-ауқаттан тарықтырмайды. Ауғанстанның ішіне бойлап кіріп кері қайту мүмкіндігі шектелгенде, неше күннен қамқор болып келген ауғандар мінезі күрт өзгеріп бұларды тонауға кіріседі Бетінің қызылы бар әйелдер мен қыздарды  тартып алып өздеріне меншіктейді, ер азаматтарды құлдыққа салады. Зорлық-зомбылыққатөзбей қарсылық көрсеткендерді аяусыз ұрып-соғып таяққа жығады. Араларынан бірнеше азамат қайтыс болады.Міне жақсы тыныш жер іздеп барған ағайын енді мына тамұқтан қашып құтылудың  харекетіне кіріседі. Мына  келгендер сол құлдық бұғаудан қашып құтылғандар екен.
Мен осы арадаОңғарбайдан ата аманатының орындалған-орындалмағанын сұрап қалдым.
Иә, осы Агенттікте жүріп,2013жылы Сывртқы істер министрлігінің көмегімен , елшілік арқылы Тәжікстанға арнайы  барып қайтудың сәті түсті. Сонда барғаннан кейін сол елдің сыртқы істер Министрімен  (белгілі себеппен аты-жөні айтылмай отыр) бейресми жеке сұхбат кезінде осында ұлы атам күйші Әлшекей Бектібайұлының жатқанын айтып, соның жатқан жерін көргім келетінін жеткіздім. Министр  астыма машинасын,қасыма екі адамын қосып беріп, Яуанға бардым.Қасымдағы екі адамның бірі Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы елшілігінде біраз жылдан бері қызмет істейтін Әлшекейдің шөпшегі Бағдат Иматаев бар. Онда мені аудан мен қышлақ басшысы бастаған біраз кісі күтіп алды. Кездесуге сол маңда тұрып қалған қандастарымыз да келіпті. Әңгіме барысында олар менен Қазақстанның жағдайын сұрап біраз уақыт жауаптастық.
Қандастарымызбен кездесуден соң баба жатқан қорымға беттедік Жол үстінде Бағдат інім баба бейітін қалай тапқанын әңгімелеп берді. Ол елшілікке қызметке келгеннен соң қолы бос кездері  Яуанға барып бабасының қайда жерленгендігін іздестіріп оны білетіндерді сұрастырады. «Сұрай-сұрай Меккеге барасың» деп бабаларымыз айтқандай ақыры оның жерленген жерін білетін Муродали Салиев деген жүз жасқа жақындаған қарт тәжікті табады. Оның айтуынша: Яуанға келіп тұрақтаған Әлшекейдің аса дарынды күйші екендігін естіген тәжіктің сол кездегі белгілі өнерпазы, Муродалидің нағашысы Мирза жуге келіп танысып, оны өзімен бірге ел аралауға өнерімен қамкөңіл халықтың көңілін көтеруге үгіттеп қамқорлайды. 6-7 жігіттен құралған өнерпаз осылайша бастары бірігіп ел аралап өнер көрсетіп, елден ұзап шығып туған жерге деген сағыныштан  жылап жүргендерді Әлшекей күймен жұбатса, серіктері әнмен көңілдерін көтеріп олардың өмірге деген құштарлықтарын оятыпты. Осындай бір сапардан оралып келе жатқанда арба үстінде дамылдап жатқан қарт күйші қолына соңғы рет қара домбырасын қолға алып, туған жермен қоштасарда шығарған «Толқын» күйін бірнеше рет қайталап тартыпты. Жасы сексен бестен асып сексен алтыға қараған қарт өнерпаздың әсершіл жүрегі  туған жерге деген сағынышын баса алмаса керек. 1932 жылы қарт күйшінің алып жүрегі күйді орындап жатып соғуын тоқтатыпты. Күйші денесі сол жердегі бейітке қойылады. Мұны  сол өнерпаздардың  атқосшысы болып жүрген Муродали өзі көзімен көрген.  Арада сексен жылдан астам уақыт өтседе, ол молалардың жермен жексен болып кеткеніне қарамастан оның орнының  анық есте қалуы мына бір жағдайға да байланысты дейді  қарт тәжік.
Ол кездері Тәжікстанда әлі басмашылардың толық жойылмаған кезі. Қызылдар бұрынғыдай халықтан қолдау таппаған басмашыларды  бөлшектеп жоюға кіріскен шақ.  Қызыл әскерлердің  басмашылармен кезекті бір қақтығысы  Яуан қышлағының жанында болады. Осы шайқаста Черняевский деген қызылдардың большевигі басмашылардың қолынан мерт болады.  Қызылдар  оны қайтқанына бірнеше күн ғана болған  күйшінің жанына асығыс көміп, православ салтымен басына крест қойяды. Оны неге қойдың деуге өздері қашып-пысып жүрген бейбақтардың шамаы келмеген.  Бұл күнде Әлшекей күйшінің басында ешқандай белгі жоқ, бірақ оның жер бесігін іздегендер, Черняевскийдің кресі арқылы табады, – деген қарт Бағдатқа  күйші сүйегүі жатқан жерді қағазға түсіріп беріпті. Осы сызба арқылы әлшекейдің моласының орнын тапқан Бағдат кейін бұл жерге ескерткіш белгі тас қойыпты.
Бабамның жатқан жерін іздеп, сонау сексенінші жылдарыдың ортасында Әлшекей мұрасын зерттеп жүрген  өнер зерттеушісі, ғалым-жазушы Ақселеу Сейдімбеков,жас ғалым Айша Уайсова да келіп көріпті.  ОЛ кезде бабам басында еш белгі болмаған.  Ал Бағдаттың онда белгі қойғанына көп бола қойған жоқ. Біз  сол 2013 жылы барғанда сол маңдағы қалған қазақ диаспорасы мен Яуан қышлағы тұрғындарын шақырып құран бағыштатып қайттым. Осы сапар барысында Тәжікстандағы қалған қазақтармен  көп кездесіп олармен сырластым. Олар туралы кейін «Тәжікстан қазақтары» атты кітап жазып шығардым.
Иә, осыдан біраз жыл бұрын бір топ елжанды азаматтың  халқымыздың асыл перзенті Мағжан Жұмабаевтың сүйегін әкеліп туған жердің қойнына тапсырғанын  жарыса жазғанымыз естен шыға қойған жоқ. Ендеше қаратау шертпесінің ұстазы атанған күйші сүйегін әкеліп, туған жердің  қойнына тапсыратын уақыт та жеткен секілді.    
Ерубай ҚАЛДЫБЕК
23 тамыз 2019 ж. 434 0