№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 12 жасынан бастап ел ішінде домбырашы бала атанған

12 жасынан бастап ел ішінде домбырашы бала атанған

       Әлшекей күйші 1847 жылы бүгінгі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 12 жасынан бастап ел ішінде домбырашы бала атанған ол өсе келе Сыр өңіріне есімі әйгілі күйші болады. Ол кейін қуғынға ұшырап, Өзбекстанның бірнеше жерінде тұрады, содан соң Тәжікстанның Шәрбәт ауданына қарасты Яуан (Жауан) қыстағына келіп тұрақтайды. 1932 жылы дүние салған күйшінің сүйегі Яуан қыстағының шетіндегі қорымға жерленген.


   Әлшекейдің "Тоқырау", "Нарсоққан", "Егес", "Терісқақпай", "Толқын", "Аққу кеткен", "Тепең көк", "Қара жорға", "Адасқан қаз", "Отарба", "Айшамен алты тартыс", "Төтемен тартыс", "Егілген", "Бәйге", "Тай қуу", т.б. ел арасында сақталған күйлері бар. Манап Көкенұлы осы аталған күйлердің шығу тарихын айтып, таспаға жаздырған. Әлшекейдің күйлері қазіргі домбырашылардың репертуарына енген, оркестрге түсірілген.

Дайындаған Е.Раймбек.
08 қараша 2018 ж. 1 215 0