№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Заңға бағыну керек

Заңға бағыну керек


Адам болмаса, адамның құқықтары мен бостандықтары қадірленбесе, аяққа тапталса, онда қоғам өмір сүрмейді. Ал қоғамда өмір сүргендіктен және ең бастысы ондағы тіршілік иесіне «адам» деп ат қойғандықтан, ортақ ережелерді сақтауы және «адам» деген атқа лайықты болуы тиіс. Кейде олардың жасаған іс-әрекеттерінде қателіктер кездесіп, қоғамға қауіпті тудырып жатады. Басқа адамдарды қылмысқа итермелейді немесе өзі байқамай қылмыскер болып шығатын жағдай да кездеседі. Міне, осындай жағдайларды болдырмауда, тыныштықты бұзуға жол бермеуде, құқық бұзушылықтың алдын алуда арнайы салалар ақымды іс атқарады. Соның ішінде Әлия Түбекбаева басқаратын аудандық сот ұжымы осы жылдың тоғыз айында атқарылған іске қорытынды жасады.

 Адам қоғамның және болашақтың негізі болғандықтан, адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Ал, қылмыс жасалып қойса, оны қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол үшін қоғамға қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын, олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Тап осы тақырып аясында сөз қозғаған Әлия Түбекбаева жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін айта келе қандай жағдай болмасын адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалатынынан хабардар етті. Одан әрі сот төрағасы баспасөз конференциясында басқосқан сала мамандары мен БАҚ өкілдері алдында өткен 9 айға қорытынды жасап, әр іске нақты тоқталды.

– Биыл 1033 іс қаралды. Оның 432- сі азаматтық, 31-і қылмыстық және 570-і әкімшілік іс екені белгілі болды. Қылмыстық іс бойынша 34 адамға қатысты 27 іске үкім шығарылса, медиация заңы аясында 3 адамға қатысты 3 қылмыстық іс тоқтатылған. Ал қалған 31 қылмыстық істің басым көпшілігі көлік құралын басқару кезінде ішімдікке сылқия тойып алған жүргізушілерге қатысты тіркелген. Атап айтқанда, жазаға тартылғандар масаң күйде көлік тізгіндеген. Нәтижесінде соңғы алты айда осы санатқа жататын 9 қылмыстық істе айыптау үкімі қабылданып, олар өмір бойына көлік жүргізу құқынан айрылып, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын арқалаған. Темір торға тоғытылғандар арасында мектептегі балаларға білім нәрін сусындатып жүрген ұстаздардың да кездескенін айта кетейін, – деді төраға.

Сот төрағасының сөзінше, осы  жылы азаматтық іс бойынша 179 іске шешім, 102 іске сот бұйрығы шығып, 51 іс оңайлатылған тәртіппен қаралған. 111 іс тоқтатылып, оның 87-сі медиация тәртібімен реттелсе, 8 дауды партисипативтік рәсім тәртібімен яғни адвокаттың көмегімен екі жақтың келісімге келуі нәтижесінде шешім тапқан. Ал 16 іс бітімгершілік келісімі арқылы шешілсе, ҚР-ның «Азаматтық процестік кодексіне» енгізілген жаңа институт «сотқа дейінгі хаттама» бойынша 86 іс тоқтатылған. Осы аталған азаматтық іс қатарында ең көп қаралғаны микроқаржы ұйымдарынан несие алып, оны уақытысында төлемегені, қарыз алушы мен беруші арасында келісім орнату арқылы мәселені оңынан шешіп, оны өндіруі жайында тіркелген. Ал әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша 504 әкімшілік іске жаза қолданылып, 66 іс тоқтатылған. Нақтырақ айтсақ, 268 тұлғаға айыппұл салынса, 183 адам қамаққа алынған. 13 адамға арнайы құқықтан айыру жазасы тіркеліп, 25 жанға ескерту жасау түріндегі жаза бұйырған. Бір ескерте кететіні, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша 121 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тіркеліп, оларға 15 тәулік әкімшілік қамаққа алу және көлік құралын басқару құқынан 7 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалған.

Одан әрі Әлия Бердібекқызы елдің бірлігін сақтауда белгілі бір деңгейде жұмыс істеп келе жатқан аудандық сот ұжымы қызуқанды жастарымызға тоқтау айтып, сабырға шақырып, оларға бағытбағдар беріп отыруға қашанда дайын екендіктерін жеткізді. Тіпті бірлігімізді сақтауды отбасы ошақ басынан бастасақ қазыналы қарияларымыз да игілікті іс атқарудан шет қалмайды деген ойымен бөлісті. Әрбіріміз тыныштық пен бейбіт заманның бағасын біліп, берекелі қоғамның уығы болып қадалуымыз үшін ортақ заңға бағыну керектігін алға тартты. Заңға бағынбау бар да, жүйеге бағынбау бар. Ал жүйені бақылайтындар үшін заңға бағынбағандардың жазалануы мен құтқарылуы маңызды емес. Сондықтан болар жүйеге бағынбағандар ешқашан жазасыз кетпеген. Демек қылмыстың өтеуі жаза екенін, ал тәртіпке бас иген құл емес екендігін естен шығармаған жөн.

Лаура БИБАСАРОВА
21 қазан 2022 ж. 665 0