Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған: 10 айда 90 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған

Жаңақорған: 10 айда 90 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған


Биыл жол-көлік оқиғасы жиіледі, салдарынан адам шығыны да көбейді. Заңға бағынбайтындар сот алдында жауап беруде. Тіпті тәртіп бұзғандардың басым көбі көлікті масаң күйде айдаған жүргізушілер. Оларға қолданар жаза қандай? Бұл туралы аудандық соттың төрағасы Әлия Түбекбаева нақтылап айтып берді.


– Жыл басынан бері 345,346 және 608 баптың тармақтары бойынша тәртіп бұзғандар тым көбейді. 2019 жылдың 10 айында 90 жүргізуші 3 жылға көлік басқару құралынан айырылса, 608 баптың 6-тармағы бойынша көлік басқару құқығы жоқ бола тұра рөлде отырған 22 адам 20 тәулікке қамаққа алынды. Ал, 177 тұрғынға әкімшілік кодекс бойынша іс қаралып, тиісті жазасын алды, – деді сот төрағасы.
Сондай-ақ, биыл 345 бап бойынша да істер көп түскен. Мәселен, бұл баптың 1-2-бөлігінде ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер өте көп. Осы баптың 3-бөлігінде абайсызда адам өліміне кінәлі жүргізуші лауазымынан 5 жылға айырыла отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Ал, 4-бөлігі бойынша екі немесе одан да көп адам өліміне кінәлі жүргізуші жеті жылға лауазымдық қызметке бара алмайды, әрі бес жылдан он жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айырылады.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бап­тың 3-4-бөлігі бойынша 5 қылмыстық іс түскен. Соның төртеуі 3-бөлігі бойынша айыпты деп саналып, шартты түрде жазаға тартылған. Ал, 346-бап, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және масаң күйде адамның темір тұлпарды тізгіндеуі бойынша ереже бұзғандар былтырғы жылмен салыстырғанда кеміпті.
– 2018 жылы 346-бап бойынша 10 іс түссе, биыл олардың саны 6-ға қыс­қарды. Дейтұрғанымен де, масаң күйде немесе көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра рөлге отырғандар саны тым көп. Әрине оларға тиісті жаза қолданып-ақ жатырмыз, сонда да қылмыс азаяр емес. Кесірінен биыл Жаңақорғанда 10-нан аса ауыр апат орын алды, әрине өте өкінішті жайт, сондықтан көлік тізгіндегенде барынша жол ережесін қатаң сақтаған дұрыс, – деді Ә.Түбекбаева.
Енді аудандық сотта үкімі шыққан бірнеше іске тоқтала кетейік. Мәселен, Келінтөбе тұрғыны Н есімді азамат кенттегі Тәуелсіздік көшесінің бойында «Lada Xray» маркалы автокөлігімен жол ережесін бұзып, ішінде отырған жолаушы оқиға орнында көз жұмады. Сотта айыпталушы толық кінәсін мойындап, сот үкім етті. Онда Н есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабаы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік басқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айырылады. Әрі, 2 жылға бас бостандығынан айрылады. Дәл осындай жағдай Кейден ауылының тумасына қатысты сот үкім шығарып, екі жыл бас бостандығынан айырылып, 3 жыл қызметімен қоштасады. Әрі, ҚК-тің 63-бабы негізінде сотталушыға жаза шартты деп танылып, екі жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.
608-баптың 1-бөлігімен Т есімді азамат кінәлі деп танылып, көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айырылған. Ал, көлік басқұару құралы жоқ бола тұра тұлпарды тізгіндеген Қожакент ауылының тумасы кінәлі деп танылып, 20 тәулікке қамаққа алынған. Бұл жазаның жеңіл түрі. Айта кетейік, егер айыпталушы көлік басқару құқығы бола тұра заңды бұзып, айыппұлды өтей алмаса онда 20 тәулік қамаққа өз еркімен келісім береді.
Тек 345-баптың жазасы ауыр. Алайда, жазым болғасын жәбірленуші тарап кінәлі адамға кешірім беруде. Десе де, заң бойынша кінәлі жүргізуші кем дегенде 2 жыл темір торға тоғытылады. Сондықтан, жолда жүргенде абай болған жөн. Биыл жол-көлік оқиғасы жылдағыдан да көбейді. Тіпті, адам шығыны былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есеге өскен. Бұл өте ауыр жағдай. Өз өміріңізді емес, өзгенің тағдырына балта шапқыңыз келмесе жолда барынша ереже сақтаған дұрыс, ағайын!

Әлібек ТЕМІРБЕК
20 желтоқсан 2019 ж. 896 0