№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Алдын алу шаралары маңызды

Алдын алу шаралары маңызды


2021 жылды 2020 жылмен салыстырғанда ауданда қылмыс 22 пайызға төмендегенімен (194/151), қасақана ауыр дене жарақатын салу 400 пайызға (0-ден 4-ке), зорлау 100 пайызға (1-ден 2-ге), жас балаларды азғындық жолға түсіру 300 пайызға (0-ден 3-ке), тонау 100 пайызға (0-ден 1-ге), жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстар 283,3 пайызға (6-дан 23-ке) өскен.

Соттылығы алынбаған немесе жойылмаған тұлғалармен жасалған қылмыстар 2-ден 8-ге немесе 300 пайызға, алкогольдік масаң жағдайында жасалған қылмыстар 24-тен 39-ға немесе 62,5 пайызға, топ болып жасалған қылмыстар 21-ден 32-ге немесе 51,4 пайызға өсім алған.
Қолданыстағы заңнамалар принциптеріне сүйенетін болсақ, қылмыстылықпен күресте оның салдарынан гөрі себептерімен, ықпалдарымен күресу әлдеқайда тиімді, яғни құқық бұзушылық профилактикасында алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы, кешенділік пен жүйелілік принциптеріне негізделеді. Көрсетілген қылмыстардың ішінде күрт өсім алғандарын талдайтын болсақ, 400 пайызға өскен қасақана ауыр дене жарақатын салу фактілері әртүрлі ситуациялық жағдайда орын алғанымен қылмыстың барлығы түнгі мезгілде және алкогольдік масаюмен байланысты болған. Сол сияқты, 300 пайызға өскен жас балаларды азғындық жолға түсіру қылмысына келсек, 2020 жылдың жаз айынан бастап 2021 жылдың шілде айына дейін Т. есімді азамат бір үйдің 3 жасөспірім қызына азғындық іс-әрекеттер жасап келген. Ол Соттың 12.11.2021 жылғы үкімімен Т. ҚК-тің 124-бабы 3-бөлігімен 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ендігі жерде бейбіт заманда азаматтардың түрлі жарақаттар мен өліміне әкеліп отырған жол-көлік оқиғаларына қатысты қылмыстарға кеңінен тоқталсақ. Жоғарыда көрсетілгендей, бұл қылмыстық құқық бұзушылықтар 283,3 пайызға яғни, 6-дан 23-ке өскен.
2021жылы тіркелген 23 қылмыстық құқық бұзушылықтың 10-ы ҚК- тің 345-бабымен (жол қауіпсіздігі қағидаларын бұзу), 2-еуі ҚК-тің 345-1-бабымен (масаң күйде жол қауіпсіздігі қағидаларын бұзу), 11-і ҚК-тің 346-бабымен (көлікті басқару құқығынан айырылған адамның масаң күйде көлік басқаруы) тіркелген.
ДТП-1 нысанды есепке сәйкес 2021ж. ауданда 49 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, 66 адам түрлі жарақат алып, 17 адам қайтыс болған, оның ішінде 2-еуі жас бала.

Жаңақорған аудандық
прокуратурасы
02 ақпан 2022 ж. 319 0