№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар жаза баспасын

Жастар жаза баспасын

Аудандық ішкі істер бөлімінің ЮПТ-ның аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрберген Ахмедовке жолығып, Жаңақорған ауданы көлеміндегі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстылық турасында сұраған едік.

– Аудан әкімдігі мен аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі мен жергілікті полиция қызметі, аудандық білім бөлімі мен орталық ауруханасының басшылары жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу жөнінде іс-шара жоспары бекітілген, – деді ол.
Соның аясында жыл басынан бері мектептерде ата-аналармен кездесу өткізіліп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Яғни ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағандарға әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы түсіндірілді.
Мектеп ішінде, тағы да басқа жерлерде бопсалау, қысым көрсету, құқық бұзушылыққа бейім балалар анықтау мақсатында мектеп оқушыларынан сауалнамалар жүргізілуде екен.
– Бізді қызықтырғаны, бүгінде кәмелеттік жасқа толмағандар кафе-бар мен мейрамханаларда, букмекерлік орталықтарда жүретіні жасырын емес. Мұндай жастарға қандай шаралар қолданылуда?
– Кәмелетке толмағандар істер жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының профилактика мәселелеріне баса назар аударып, олардың мектеп, колледждермен байланысын нығайтып, қоғамға жат қылықтарымен көзге түскен балалар және қолайсыз отыру жұмыстары жандандырылуда.
Нәтижесінде, жасөспірім түнгі сағат 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз үй жайдан тыс жерде жүрген 258 және 22.00-ден кейін ойын сауық орнында болған үш жасөспірімге әкімшілік шаралар көрілді, – деді Нұрберген Хайдарәліұлы.
– Жас-өспірімдер арасындағы қылмыстылық фактілерінің статистикасы жайлы айта аласыз ба?
– Әрбір рейдтер бойынша ата-аналар мен жасөспірімдер арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп, топтасып құқық бұзушылықтың зардаптары, оңын жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндірілуде.
Ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың қылмыстың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстардың арқасында 2017 жыл 12-айда жасөспірімдер арасында 16-қылмыс тіркелсе, 2018 жылдың 12-айында 7-қылмыс орын алып 56,3 пайыз төмендеген...

Қайбулла РҮСТЕМОВ.
12 қаңтар 2019 ж. 1 183 0