№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында баспасөз конференциясы өткізілді

Жаңақорған аудандық сотында баспасөз конференциясы өткізілді


Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Ә.Б.Түбекбаева өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Ә.Жарықбаевтың қатысуымен ағымдағы жылдың он айында сот өндірісінде  қаралған көліктегі әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар бойыншапресс конференция өткізді.
Аталған пресс конференцияны өткізуге аудан көлемінде көліктегі әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтардың санының артуы негіз болды.
Шара барысында сот төрағасы осы санатта аудандық сотпен қаралған әкімшілік, қылмыстық істердің статистикалық деректерімен бөлісті.
Ағымдағы жылдың он айында аудандық соттың қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын алкогольді масаң күйінде басқарғаны үшін90 адам көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Аудан көлемінде көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, алкогольді масаң күйде көлік басқарған тұлғалар да болған. Олар, яғни ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен көлік құралын басқару құқығы жоқ 22 адам алкогольді масаң күйде көлік басқарғаны үшін  20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.
Ал ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша яғни, 26 адам жол қозғалысы қағидаларының ережелерін бұзып, жәбірленушілердің көлік құралына материалдық залал немесе  денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтіргені үшін 24 адамға айыппұл салынған, 2 адам көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Сондай-ақ, аудандық сотта Қылмыстық Кодекстің 14-тарауы, яғни көліктегі қылмыстық құқық бұзушылар бойынша ағымдағы жылдың 10 айында  11 қылмыстық іс қаралған. Оның ішінде  ҚК-нің 345-бабының 3- бөлігімен көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып,    абайсызда адам өліміне әкеп соққаны үшін  4 адамға қатысты үкім шығарылып, 4  бойынша да бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны шартты түрде өтеу белгіленген.
ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі  қағидаларын бұзып,  абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққаны үшін 1 адамға қатысты үкім шығарылып, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны шартты түрде өтеу белгіленген.
Бұрынғы өздеріне қолданылған әкімшілік жазадан нәтиже шығармай, қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатырған тұлғалар да кездеседі.
Мысалы, ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни осыған дейін  көлік құралын басқару құқығынан айырылған 6 тұлға  алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарғаны  үшін жауаптылыққа тартылып, оның 2-не айыппұл салынса, 4-і қоғамдық жұмысқа тартылған.
Сот төрағасы жүргізушілердің жол қозғалысы қағидаларын бұзып қана қоймай, өз әрекеттерімен көліктегі жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің, өздерінің, сондай-ақ жол қозғалысына басқа да қатысушылардың өміріне қауіп төндіретінін, олардың мүліктеріне материалдық зиян келтіретінін, жекелеген жағдайда кісі өліміне әкеп соғып, қайғылы жағдай орын алатынын  атап өтті.
Сондықтан әрбір жүргізуші Жол қозғалысы Қағидаларының талаптарын қатаң сақтауға міндетті екеніне тоқталды.
Пресс конференция барысында аудандық сот төрағасы баспасөз өкілі тарапынан қойылған осы тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап берді.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
20 қараша 2019 ж. 1 305 0