КӨШБАСШЫ КӨКЖИЕГІ
Қазақылықтың қайнаған ортасында қабырғасы қатайып, асып дәстүрлеріміздің алтын тамырынан нәр алып, ақыл арттырған, өмір сабағынан санасы өсіп, болмысы бекіген, көзқарас қалыптастырған қайратты жастың алдында өзі туып өскен салқар даласындай шетсіз де, шексіз арман арнасы жатыр еді. Арман атаулының атын атап, түсін түстеу оған қаншалықты ынтық болсаңдағы айқын көрінбесі рас. Елесімен елітіп, көкжиектен күлім қағар жарқын күнге тілек жалғағанды жарығына шығарар жасампаз еңбек қана болса керек.
Еңбек құдыретінің тағылымына Елбасы тағдырының өзі куә.
Оның өмірі – өзгеше, өнегелі өмір. Екі өркениеттің – Шығыс пен Батыстың қиылысқан жерінде, әлемнің екі бөлігінің – Азия мен Европаның тоғысқан тұсында, екі саяси жүйенің – тоталитаризм мен демократияның, екі экономикалық жүйенің – жоспар мен нарықтың от пен судай шарпысқан шағында шарболаттай шыңдалған, туған Қазақстанын төрткүл дүниеге танытып, табанынан тік тұрғызып, беделін бекемдеген басшының бүкіл өсу, өрлеу жолы шынайылығымен құнды. Өзі бұл жөнінде «Өмір өткелдері» атты кітабында былай деп толғанады: «Менің тағдырым – бақытты тағдыр. Менің маңдайыма мына жарық дүниеге тарихтың тар құрсауында келудің, айналасы жарты ғасырдың о жақ, бұ жағында бүкіл әлемді төңкеріп түсірердей ғажайып өзгерістерді көрудің, жаңа мемлекет құрудың, сол ұлы істің басында тұрудың бақытын жазған екен. Көп нәрсені көрдім, көп жағдайды өзегімнен өткердім. Өмір жолым тақтайдай тегіс болған жоқ, алдымнан талай кедергілер кездесті, олардың кейбірін заман қойды, кейбірін қоғам қойды, кейбірін адам қойды. Шүкіршілік, бәрінен де өтіп, бүгінгі күнге жетіп отырмын Қазақстан халқының әлемдік өркениет көшіне қуатты мемлекет күйінде, халықаралық қауымдастықтың сыйлы мүшесі ретінде, бүгіні бақытты, ертеңі еңселі ел ретінде қосылғанын көріп отырмын. Мың тәубе!»
Намысты ұл – ел бағы
Адам – халықтың, ұлттың бір өкілі. Егер әр адам елдің туы менің қолымда деп ойласа, онда елдің бағы жанғаны.
Осындай намысшылдық, наркескен талап ат жалын тартып мінген бозбала шағынан ел, жер асып, жаңа ортада еңбек етіп, жаңа өмір бастаған өр кеуде ұланның діттеген мақсатына жетуіне жол ашты.
Елбасы жастарға мынаны ашып айтады:
Бүкіл қазақ елі – сенің туған елің. Сенің Отаның – бүкіл Қазақстан. Аянбай адал еңбек етсең қай жерге де сиясың, қай жерде де сыйлы боласың. Өзіңнен баста. Алдыңа зор мақсат қойып, сол арманыңа жету үшін талмай еңбектен. Міне, Елбасының бұл өсиеті, бұл тағылымы оның өз өмір жолынан тарамдалып, тарих парағында тасқа басылғандай сақталып қалды. Өтірік нәрсені өшіріп тастауға болады. Ал шынайы ақиқаттың уақыт озған сайын айқындалып, айшықтала түсері неткен әділетті, неткен ғажап.
... Өмір менің қоғамдық жұмысқа баруыма батасын берген металлург достарымның ақыл-кеңесі дұрыс болғанын көрсетті. Бірте-бірте қарапайым жұмысшыдан бастап министрге дейінгі әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасаудың тәжірибесін жинақтадым. Сондай-ақ, шынымды айтайын, бұл тәжірибе жеңіл келген жоқ. Байқаймын, ал домна пешінің қасында жиналатын «ыстық стаждан» бірде-бір кем емес сияқты. Ал, ең бастысы, өзімнің жаным сүйетін, онсыз өзімнің кім екенімді елестетіп, сезіне де алмайтын ісім – металлургияның тереңіне тағы да сүңгітті.
Елбасының өзі туралы дерегінде осындай да жолдар бар.
Нұрсұлтан Назарбаев, қалалық партия комитетінің өнеркәсіп пен күрделі құрылысты басқаратын екінші хатшысы болып сайланғанда оған металлургия комбинаты құрылысының қоғамдық-саяси штабы бастығының міндеттері жүктеледі де, күндіз-түні құрылыс басында жүруіне тура келеді. Кейде сұмдық шарқ ұрудан көз алды тұманданатын: біресе домна пешіндегі бұзылған жерді түзеп, біресе конвертерге түнгі графикті түзіп, жүздеген қажетті актілерді өткізіп жексенбіліктер ұйымдастырып, бетон, металл құрал-жабдықтарды тасуды қамтамасыз етіп, қайнаған тірліктен бір сәт те қол босамаған қауырт шақтарды бастан өткізді.
Бұл құрылыстың сол уақыттағы ірі құрылыстардың бірі екендігі және көп нәрсенің елімізде тұңғыш рет жүзеге асырылып жатқаны оның жастық жігерін тасыта түсті. Мәселен, тап осы Қарағанды комбинатында 250 тонналық конвертер, 600 тонналық мартен пеші тұңғыш рет іске қосылды.
1980 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Орталық комитеті хатшысы болып сайланғаннан кейін тағы бір аса ірі құрылыс эпопеясы – Екібастұз электр станциялары шоғырының құрылысы басталып кетті.
Тарихтан көп нәрсені үйрепнуге болады, оның тағылымдары келешекке үлгі, өнеге.
1985 жылы қайта құру басталған кезде экономиканы жүргізудің ескі тәсілдері тұралап біткен болатын.
Орталық Комитеттің сәуір Пленумы біздің өмірімізде өте маңызды атқарады. Халқымыздың рухани өміріне келетін болсақ, ең алдымен мына бір маңызды жайды айта кету керек, жетпіс жыл ішінде ол идеологиялық өктемдіктен, тоталитарлық тәртіптің озбырлығынан тұңғыш рет құтылды. Ұлтымыздың беткеұстар мақтанышы болған, бірақ отызыншы жылдары аяусыз тағылық әрекеттердің құрбанына айналған арыстай азаматтарымыздың атын тірілтуге мүмкіндік алдық.
Қайта құру біздің мәдениетіміздің қазынасын байытты. Біздің ел алдағы уақытта халықтың, барлық ұлт өкілдерінің рухани жағынан жаңарып, кемелдене түсуіне кепілдік беретін мемлекет құру жолына түсті. Осының барлығын керемет үйлестіріп, үлкен жетістікке жеткізген кемел Көшбасшымыздың көреген саясаткерлігі еді деп толық сеніммен айтуға болады.
Атақты Вольтердің «Бір мемлекетті құтқару үшін бір ұлы адам жеткілікті» деген қанатты сөзі бар. Қазақстан үшін нақ осындай тұлға, оның тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді.
Ұлттық валютамызды айналымға енгізіп, оны төл атауымен табыстырған да Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақты киелі кіндігімен қауыштырып, Арқаның төріне Астана салдырып, ұлтымыздың атын айдай әлемге паш еткен де Нұрсұлтан Назарбаев.
Жалпы қазақстандық патриотизмді, толерантты, зайырлы мемлекеттің түп қазығы – «Мәңгілік Ел» идеясының авторы да Нұрсұлтан Назарбаев.
Назарбаев – тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өткен, халқын қай сынақтан да аман алып өткен бабалар аманатын жүзеге асырған, бағытынан адасқан кемедей жел өтінде қалған елінің желкенін түзеп, бақыт жағалауына батыл бастаған, қазақтың есіктегі басын төрге сүйреген, жасампаз қайраткер. Ұлы даланың тарихын қайта жазған ғұлама реформатор, елінің ғана емес, адамзат тарихында есімі алтын әріптермен жазылатын әлемдік тұлға Назарбаев пен Қазақстан бүгінде ажырамастай бір бүтін ұғымға айналды.
Елбасымыз – біреу, еліміз бір, халқымыз бір, тағдырымыз – бір.