№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!


Алғысым шексіз, Отаным, туған жеріме,
Көк туды байлап қондырған алып көгіме.
Егемендіктің еңсесін биік көтерген,
Алғысым шексіз, Тәуелсіз текті еліме.

Алғысым шексіз, ардагерлерім Сіздерге,
Бейбіт өмірді сыйлаған мәңгі біздерге.
Қария-қарттар – қазынасыздар сарқылмас,
Алғысым шексіз, өздерің салған іздерге.

Алғысым шексіз, елді бастаған ерлерге,
Шаттықтың жыры тасиды сыймай кеудемде.
Әлемге әйгі алпауыт елге айналдық
Алғысым шексіз, алғысым шексіз сендерге.

Алғысым шексіз, ұстаздар ұлы ісіңе,
Бас ием әркез қасиетіңді түсіне.
Біліммен баптап, тәрбие-тәлім үйреткен,
Қарызбын мәңгі, ҰСТАЗДАЙ ұлы кісіге.

Денің сау болса, жетесің мақсат, арманға,
Саламатты өмір, денсаулық қымбат жалғанда.
Ауыра қалсам, дертіме шипа сыйлаған,
Алғысым шексіз, ақ халатты абзал жандарға.

Дарындар қанша, атағы шыққан алыстан,
Өнердің отын өшпеске мәңгі жағысқан.
Алғысым шексіз, өнердің көшін жалғаған,
Өнерлі жандар талантыменен табысқан.

Жастарым аз ба, спортпен жақсы шыңдалған,
Балуандарға бозкілем деген күнде арман.
Алғысым шексіз, чемпиондардың бәріне,
Туымыз самғап, жарыста озып жүлде алған.

Кәсіпкерлерім кеңейтіп жүрген тынысын,
Мақтан тұтамыз береке тапқан бұл ісін.
Шын пейіліммен айтамын алғыс Сіздерге,
Кәсібіменен арттырған елдің ырысын.

Алғысым шексіз, ата-ана, туған бауырға,
Көшімді қосқан іргелі туыс қауымға.
Салт-дәстүрімнің қаймағын бұзбай сақтаған,
Алғысым шексіз, қара шаңырақ ауылға.

Алғысым шексіз, замандас, дос, жас, кәріге
Салтанатымен сән қосып жүрген сәніме.
Алғысым шексіз, жаратқан Алла өзіңе,
Алғысым шексіз, ағайын-жұртым бәріңе.

Әбілхайыр Әбілпатта.
03 наурыз 2018 ж. 2 350 0