Әшен апамның маған үйреткені көп
Ана деген – қасиетті ұлы ұғым ғой. Ана – өмірдің бастауы,тіршіліктің тірегі,жақсылық пен игіліктің қайнар. Анам соғыс солдатының жесірі. Әкем Әбдуәлі соғысқа аттанғанда мен іште қалған алты айлық шарана екенмін. Соғыс жеңіспен бітіп, ел есін жиған шақта 1853 жылы әскер жанұяларына үкіметтен ақшалай көмек беріліпті.
Анам еті тірі, пысық жан еді, сол қаражатқа бес қой сатып алып, бағымға қояды. Бес қойдың жүнін жуып, сабап,иіріп, бояп тоқылатын түкті кілемге дайындық жасады.Біз тұратын Төменарық ауылында сол кезде Нәлібаева Күлшат апа және Сүттібаева Орынша апа ғана кілемші еді. Ауылда кілем тоқытушылар көбейе бастады. Екі апа қайсысына жетсін «Ауыр жүкті бөлісу – ағайынның парызы»-демекші, бізге тоқуды үйретуге Жаңақорғанда тұратын, жастайынан он саусағынан өнері тамған,Шүңгіл бабамыздың екі ұлының қрпағы болып келетін, әкемнің үлкен апалары Әшен Қалия апам және олардың немересі, Ардақ келді. Кілем өрнектері Әшен апамның көңілінде сайрап тұрады. «2 жіп қызыл, 4 жіп қара, 3 жіп жасыл шалыңдар» – деп үздіксіз айтып отырады. «Өнерді бір Алла жүрекке салады»-деген осы екен-ау, деп те ойлайсың.Осылайша 1956-жылы анамның менің атыма арнайылап тоқыған кілемі бүгінгі таңда еденге төселсе де,63 жыл болса да тозатын түрі жоқ.
Әшен апамның маған үйреткені көп. Мысалы, аяққап, керме, қоржын, тұскиіз т. б. бұйымдардың матадан кестеленіп,оюланып және түкті-тақыр тоқылу түрлерін, олардың киіз үй ішінде тұтынылу мақсаттарын да түсіндіретін. Әшен апамнан алған осындай дәрістің нәтижесі – физмат бітірген мен, педагогикалық біліміммен мектепте және институтта қолөнерден сабақ беріп, осы тақырыпта бірнеше кітаптарым жарыққа шығып, халыққа пайдалануға берілді. Бүкіл тыныс-тіршілігіміз Одақтан басқарылып, кеңестік идеология үстемдік құрған кешегі кезеңдерден өзінде Қазақ телевизиясының ұлттық өнер жөнінде жалғыз бағдарлама болып, сонымен жүргіздім.
1993-жылының қараша айында Жаңақорғандағы әкемнің әпкесі кезінде көңілімізге осы өнерді ұмытылмастай еккен аяулы Қалия апамның көңілін сұрауға жұмысымнан сұранып келдім. Қайтатын кезімде Әшен апамның қызы, Әлімбет көкеміздің келіншегі- Салкүл апам келіп,қолындағы екі жалпақ күміс білезігін менің қолыма салды.Мен «Апа, біреуі өз қолыңызда қалсын да»-деп едім, «Жоқ, жұп болсын»-деп келіспеді.Содан бері, басқа білезіктерім болса да сол білезікті 25 жыл бойы қолыма салып жүрдім. Салкүл апамның «жұп болсын» тілегі қабыл болғандай, Аллаға шүкір, Нурдинмен 57 жыл бірге тұрып, немере-шөбере сүйіп келеміз.
Содан бері зымырап ширек ғасыр өтіпті. Жасымыз сексенніңсеңгіріне таянды. Жақсының көзі – жақұтты мен де кейінгілерге аманаттауды ұйғардым. Өткеннің бәрі ізсіз өшпесі үшін. Келер буынға кешегінің киесін кемітпей, санасында жаңғыртып, жарқыратып тағып жүруі үшін. Сөйтіп Әмір Мажитовтың немересі Ақансерінің жары Ақмарал бауырыма осы білезіктерді сыйға тарттым.
Біздің Бақыт есімді қызымыздан көрген немереміз Әдия 5 жасынан фортепианоға қатысып, 2017-жылы 6 жасында Алматыда өткен халықаралық балалар фестивалына қатысты.Фортепианода ойнауға бойы жету үшін орындық үстіне қорапша қойып отырғызды. «Ойнауға қолым жетпейді»-деп еді, жетекшісі «прыгай пальцами»-деді. Қортындысында 1-орынға шыққаны үшін медаль берілді.Ал мен немеремнің тұңғыш медалі үшін көрімдігіне «Ылғи осылайша жоғарыдан көріне бер, алтындай таза да салмақты бол» – деген ниетпен құлағымдағы алтын сырғамды сыйладым.
1975-жылы анам Құлымбетова РәзияТөменарықтағы Романов атындағы мектепте қызмет етіп жүріп 55 жасқа толды. Мектеп директоры-өзінің оқушысы Жаманқұлов Базарбай еді. Мектеп ұжымы анамды аса құрметпен қолына алтын сағат тағып, зейнетке шығарып салды.Ұжым мүшелеріне Алланың нұры жаусын! 1995-жылы Жеңістің 50 жылдығына Жаңақорғанда мемориал ашылып, әкемнің есімі жазылды.Соның құрметіне анам қолындағы сағатын менің қолыма тақты. 2019-жылы тұңғышымыз Нурдин қызы Ботагөздің 55 жасқа толуына байланысты әжесінің сағатын сыйладық. Бота әжесінің тұңғыш немересі болғандықтан 11 айлығынан өз қолында тәрбиеленген еді.Ұсынғанда біраз жылап та алды.
«Құрметті Апа-Әжелер! Бақилыққа аттанбас бұрын жиған-тергенімізді артымызда қалдырғаннан гөрі тіршілігімізде есте қалар орынды сыйлық жасағанымыз дұрыс болар – деген ой салғым келеді. Құран кәрімнің Тәуба сүресінің 34,35-аяттарында былай делінген: Алтын, күмісті жиғандарға, оны Алла жолына жұмсауға қимайтындарға оны күйзелтуші қатты азап бар екенін білдір. (34).Қиямет күнінде олардың алтын, күмісі тозақ отымен қыздырылып, онымен олардың маңдайлары, қабырғалары және арқалары таңбаланып: «Мынау өздерің үшін жинаған алтын, күмістерің. Ал енді жиғандарыңның дәмін татыңдар» делінеді.(35).
Әбдуәлиева Шәмшия.
Алматы қаласы.