Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СІЗ ХАТ ЖАЗАСЫЗ БА?

СІЗ ХАТ ЖАЗАСЫЗ БА?

Әлгінде үйдің көлеңкесінде жүн сабап отырған апамның сабауының дыбысы шықпай қалды. Сәлден соң бұл «неқылған тыныштық» деп тысқа шықтым. Сабауларын жүннің үстіне айқастыра тастаған апам хат оқып отыр екен. Байқағаным бір жапырақ хатты ары-бері төнкеріп, бірнеше рет оқыды. Жақындай келіп апамның жүзіне қарасам, жанарынан аққан тамшылар жүзіне із сала бастапты.
– Апа, тыныштық па?
– Рысбайдан келген хат қой!
– Егілетіндей не жазыпты?
– Сен оны он оқысаң да түсінбейсің.
– Қәне, беріңізші. Мен де оқиын, – деп апамның қолынан алып, хатты екі қайтара оқып шықтым. «Ауыл аман ба? Жұрт тыныш па? Қал-жағдайларыңыз қалай? Менің жағдайым жақсы» деген мазмұндағы хатта адамның көңілін босатындай еш нәрсе жоқ.
 «Е, апам сүткенжесін сағынған-ау», деп ойладым да қойдым.
Сол үшбу хаттарда адамның көңіл-күйі, елге деген сағынышы, ата-анасы мен бауырларын сағынуы жатыр екен ғой! Оны қысқа мазмұнды, айтар ойы ұғынықсыз «sms» хаттар орын басқанда сағынышпен келетін үшбу хаттардың қадірін түсінгендей болдық.
Кейде осы хат жазу тарихы туралы ойға кетемін. Ал хат жазу адамзат баласында сандаған ғасырлар бойында қолданыста келеді. Ықылым заманда хаттар мал терісіне жазылса, жаугершілік заманда көгершіндер арқылы хат жазу дәстүрі кең қолданысқа ие болған. Хат жазу үрдісі Х-ХV ғасыр аралығында кеңінен тарады. Хаттар тек ата-аналар мен балалары, достар, патшалықтар арасында ғана емес, олар адамдары мен жазушылар мен мемлекет қайраткерлері арасында да тарихи маңызы бар хаттар жазылды.
Мұндай хаттарды сақтау Еуропа халқында үрдіс болған. Оған олар зор маңыз берген. Бұл тұрғыда қазақ қоғамында сирек те болса жазылған хаттар ХVІ-ХVІІ ғасырдан бастау алады. Мұндай хаттарды мемлекет – аралық байланысты арттыру мақсатында хандар жазса, бертін келе алаш зиялылары бір-бірімен хат алысқан.
Хаттарды зиялылар биліктің назарын белгілі құбылысқа түсіруде де қолданған. Мәселен, Ғабит Мүсiрепов, Мұташ Дәулетқалиев, Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков пен Қадыр Қуанышев жазған «Бесеудің хаты» соның айғағы.
ХХ ғасырдың 80-90 жылдары «Жас Алаш» газеті беттерінде белгілі қаламгер Шерхан Мұртаза мен Камал Смайловтың өзара жазған хаттарын жұрт іздеп оқыды.  Өкініштісі бірлік пен татулыққа, елдік пен мемлекеттілікті назарға алған хаттар қазір жазыла бермейді.
Шыны керек, хат орнын «WhatsApp», «Агент» секілді интернет ресурстары басты. Дей тұрғанымен, бұны хатқа жатқызуға бола қоймас. Өйткені ғашығынан сарғая күткен хаттың жөні бөлек...

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
13 мамыр 2019 ж. 1 198 0