Мектеп директорының имиджі қандай?
Нұр-Сұлтан қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейдің директоры Сафура Сейдуәлиқызы, №51 мектеп-гимназиясының директоры Аятжан Ахметжанұлы және Қызылорда қаласындағы Серәлі Лапин атындағы №261 мектептің директоры Қарлығаш Абдрахманова мектеп директорының қоғамдағы беделі, белсенділігі, біліктілігі жөнінде facebook-те талқылады. Үш директордың пікірталасын әлеуметтік желінің мыңдаған белсендісі көріп, пікір білдірді. Расында бүгінгі директорлардың имиджі қандай?
Озық елдерде адами капитал басымдыққа ие. Ал, адами капиталдың көрсеткіші – білімде. Бүгінгі заман талабы – білім беру саласын заманға сай жаңғыртып, тәлімгерлерге сапалы білім беру. Бұл саладағы реформалардың барлығы алдымен іске асыруда директордың қабілет-қарымына, ерік-жігеріне тікелей байланысты.
19 баптан тұратын «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылданды. Бірақ заңмен ұстаз беделі артты ма? Бұл жүйелі жұмыстың нәтижесінен көрінеді. Яғни заңның салтанат құруында креативті директор мен білікті ұстаздар үйлесімді жұмыс істеуі тиіс.
Директор – мектептің бағыт-бағдарын айқындап, жетістікке жететін жолын саралайтын менеджер, кез-келген проблеманы дер кезінде шешіп, ұжымның береке-бірлігін арттыратын тұлға. Ол білімі, біліктілігі, белсенділігі жағынан ұстаздардан биік тұратын, жаңашылдығымен, іскерлігімен қызметкерлерді алға жетелейтін, тіпті мектеп оқушыларының қабілетін, мінез-құлқын, олардың ата-анасын, тұрмысын жетік білуі тиіс. Сонда ғана мектептің беделі өседі, ұстаздың мерейі артады. Директорлар зиялылықтың үлгісі, реформалардың қозғаушы күші. Осы жауапкершілікті мектеп директорлары сезініп жүр ме? Біз осы жөнінде аудан тұрғындарының пікірін білдік.
– Директордың беделін үш нәрседен аңғарамын. Біріншісі, тазалық мәселесі. Өйткені тазалығын қадағалай алмаған директор білім беру үрдісін дұрыс ұйымдастыра алады дегенге сенбеймін. Екінші, оқушыны мектепке ұялы телефонмен кіргізбейтін оқу ордалары бар. Олардыкі дұрыс. Өйткені оқушы телефонмен алысып отырған мектепте сабақ үрдісі бұзылады. Үшіншісі, көркем әдеби кітаптарды оқытуға мән берілмейді. Оқушының тілін дамыту үшін мектепте 20 минуттық көркем әдеби кітаптар оқытып және баланың үйінде кітап оқуын бақылауда ұстайтын, ертеңінде тапсырманың орындалғанын сұрап отыратын әдісті бізге ендіру қажет. Яғни кітап оқу мәдениетін қалыптастыру маңызды. Осындай басымдықтарды мектеп директорлары орындап отыр ма? Осыны анықтап алу керек, – деді білім саласының ардагері Жамила Каушинова.
Беделді болудың сырын Құлымбет Ермағамбетов былай жеткізді: «Директор беделді болғысы келсе, біріншіден, жікке бөлінбей, елге қызмет етуі тиіс. Парақорлық тұлғаға таңба болып жабысады. Осыны ұмытпау керек. Өтірік-өсекке ермей, әділ болып, әр педагогтің сабағын талдап, түрлі іс-шаралардың басында өзі тұруы тиіс. Өзіңнің жүріс-тұрысымен, әдептілігімен, сөйлеген сөзімен, жақсы қасиеттерімен ерекшеленбей беделді директор болу қиын».
Дұрыс айтады. Мектептің тазалығын бақылай алмаған директорға не айта аламыз? Адамның өзі таза болмай, беделі қайдан көтеріледі?
Жалпы директордың имиджі кәсіби біліктілігі мен адами қасиеттерінен көрінеді. Яғни тұлға ретінде сыйлы болуы тиіс. Міне, осы жүкті біздің директорлар қаншалықты көтеріп жүр? Бұл сұраққа әлеуметтік сауалнама жүргізу барысында қаныға түстік. Біз тілдескен азаматтардан Әділмырза Тәждинов, Жеңіс Ибрагимов, Ләззат Нәлібаева, Жанат Жүсіпова, Лаура Үсенбекова, Шолпан Оспанова, Айнұр Мырзалиева сынды мектеп басшыларына ықылас-ниетінің жоғары екенін байқадық.
Көшбасшы тұлға үнемі өзін-өзі дамытып, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жағымды образ қалыптастырады. Мұны №3 мектеп интернатының басшысы Ләззат Нәлібаева да қуаттап:
– Бір ұжымды ұйымшыл әрі белсенді ету үшін ең алдымен басшыға шынайылық қажет. Әрбір мұғалімнің мінез-дағдысын ұғып, кем-кетікті толтыру да басшыға байланысты. Ұжымды бірлікке бастау үшін шыдамдылық пен қайсарлық та керек. Бойыңдағы кемшіліктерді түзетпейінше, ұжымда беделің болмайды, – деді.
– Мектептің күнделікті тіршілігіне зер салсақ, қарбалас өмірді көресіз. Оқушы тәртіп бұзса – қамығамыз, білімпаз биіктен көрінсе – қуанамыз. Мектепте 1000-нан аса оқушы тәлім алып жатқандықтан ата-аналар тарапынан жиі шағым түседі. Біз оқушылардың дара қасиеттерін байқап,
сол бағытқа бұрып, жетістікке жетуіне қолұшын созамыз. Ұстаздар шығармашылығын шындауда кең мүмкіндіктерге жол ашуға тырысамын, – дейді №110 мектеп-лицейдің Әділмырза Тәждинов.
Соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық тіркелмеген мектептің бірі – №209 мектеп. Оның басты себебі – ауылда мәдени-спорт үйірмелерінің дамуы, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағыттауынан. Өнерге икемді балалар өнер мектебінде, спортқа құмар жастар спорт мектебіне барып жүр. Бұған ұйытқы болу мектеп басшысының міндеті.
– Біздің ауылдың инфрақұрылымы дамыған. Спорт мектебі, клуб үйі, өнер мектебі және т.б жұмыс істейді. Креативті ұстаздар мен өз-өзін дамытуға талпынған жасөспірімге көп мүмкіндік бар. Біз осыны дұрыс үйлестіруге мән беріп отырмыз, – дейді директор Лаура Үсенбекова.
Міне, біз әңгімеге тартқан білім және тәрбие ошақтары басшылары осылай дейді. Уақыт талабына сай жаңғыру – ең өзекті мәселе. Ал мектеп мазмұны – басқаруға байланысты.
Мақпал МАРҚАБАЙ