№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » “ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Заң мен тәртіп – ел дамуындағы басты темірқазық» екенін халыққа жолдаған Жолдауында нақты атап өткен болатын.
Осыған орай бүгін Руханият орталығында жастарға құқықтық мәдениет пен әділдік қағидаттарын түсіндіру, заңды құрметтеу, сондай-ақ тәртіп пен тұрақтылық құндылықтарының маңызын талқылау мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Абай елі – заң мен әділет кеңістігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынды аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров жүргізіп отырды.
Шараға аудандық прокуратурасының аға прокуроры Сапарбек Нұрхожа, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, "Жаңақорған тынысы" газетінің бас редакторы Баян Усейнова және аудандық кітапхана мен Руханият орталығының қызметкерлері, ерікті жастар қатысты.

Алғашқы сөз кезегін алған аудандық прокуратурасының аға прокуроры Сапарбек Нұрхожа, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоғамның тұрақтылығын сақтау және жастарды заң талаптарына құрметпен қарауға шақырды.
Одан соң аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, жастардың потенциалын дамытудағы ақпараттық - түсіндіру мемлекеттік саясаттың ғана емес, әрбір азаматтың, соның ішінде жастардың өмірлік ұстамы болуы тиіс деп, өз пікірін білдірді.

Жаңақорған аудандық басылымының бас редакторы Баян Үсейінова әділдік құндылықтарын ақпараттық алаңда дәріптеуге шақырса, “Жастар рухы” қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Нұрмұқасан Әуезхан жастарды белсенділікке, заңға құрметпен қарауға және әділдік мәдениетін қалыптастыруға шақырды.

Дөңгелек үстел тәртіп пен әділдік құндылықтарын дамыту - ұлт руханиятындағы әділдік мұрасы мен мемлекеттік саясаттағы заң үстемдігі қағидаларының өзара байланысын кеңінен, жүйелі түрде талқыланды.

Шара аясында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Абай елі: заң мен әділет кеңістігі» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды.
07 желтоқсан 2025 ж. 217 0