Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шәкірттер сезімі

Шәкірттер сезімі


Бұл күн ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы. Ұстаздар мен оқушылар үшін сәтті күн. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған өрендер үшін ұмытылмас сәт. Иә, сыңғырлаған алғашқы қоңырау үні – мектеп қабырғасынан шыққан әрбір жанның жүрегіне жақын. Сенбінің тамылжыған күнінде барлық мектепте алғашқы қоңырау сыңғыр қақты. Білім күні таң алакеуіммен кенттегі №110 мектеп-лицейіне бізде табан тіредік.
Білім ордасының ауласы айрықша кейіпке енген. Жүздері бал-бұл жанған оқушылардың көңіл-күйі көтеріңкі. Үш ай бойы жазғы демалысын ұтымды өткізген шәкірттердің жүзінен білім ізденуге деген айрықша лепті байқауға болады. Осындай мерейлі сәттің шымылдығын түрген білім ордасының директоры Әділмырза Таждинов ақжарма лебізін жеткізді.
– Барша жиылған қауымды бүгінгі «Білім күнімен» құттықтаймын. Жаңа оқу жылы жаңалықтарға толы. Ең бастысы – адами капиталдың көрсеткіші – білімде. Білім саласына енгізілетін жаңашыл өзгерістерге мектеп-лицейдің мүмкіндігі жеткілікті. Өйткені, Сыр өңіріндегі таңдаулы 22 инновациялық бағыттағы білім ошағының бірі осы – №110 мектеп-лицейі. Жылдағы дәстүрге сай отандық ғалымдар шәкірттерге дәріс оқып, білім сапасының артуына өзіндік үлесін қосуда. Бұл дегеніміз – Елбасы Жолдауында айтылған адами капиталдың жаңғыру негізі болып табылады. Оған қоса оқушының бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына зор мүмкіндік. Айта кету керек, өткен оқу жылын табыспен түйіндедік. Енді жаңа 2018-2019 жаңа оқу жылын да бағындырар белес пен алар асу бұдан да биік болады деген сенім мол, – деді Ә.Таждинов.
Мұнан кейін көпшілік алдына көтерілген Жаңақорған кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұзарап Махмұтов, лицейдің ата-аналар комитетінің төрағасы Әбушахма Әлайдаров XXI ғасыр – білім мен біліктің ғасыры екенін айта келе, жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, озат оқушы атануларына лебізін жеткізді.
Ал мектеп табалдырығын енді ғана аттаған жас өрендер мен шәкірттер қауымына мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері Бақытжан Тасболатов, Абай Искендиров, және ата-аналар атынан Нұрман Әбілтанов ағалық ақжарма лебізін жеткізіп, бар күш жігерін сапалы білім алуға жұмсауға тілегін білдірді.
Одан әрі мектептің өнерлі өрендері патриоттық бағыттағы әсерлі әннен шашу шашып, жиылғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Самат КЕРУЕНБЕК.
04 қыркүйек 2018 ж. 1 248 0