№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » КӘСІБИ МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

КӘСІБИ МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ



Елімізде 5 желтоқсан – Адвокатура күні. Бұл күні 1997 жылы елімізде «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, егемен Қазақстан тарихында алғаш рет адвокаттардың жұмысын реттейтін құқықтық негіздер бекітілді.

Осыған орай, бүгін аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов кәсіби мереке иелерін арнайы қабылдап, аудан әкімінің құттықтауын жеткізді.
- Сіздер еліміздің және ауданымыздың заң саласының дамуына, әділеттіліктің үстемдігіне, халықтың құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейіне қол жеткізуге өз үлестеріңізді қосып келе жатырсыздар.
Құқықтық қоғамда адвокаттың рөлі ерекше. Адвокаттар тек заңгер ғана емес, қоғамдағы әділеттілікті орнатуға, адам құқықтарын қорғауға және заң алдында теңдікке қол жеткізуге бағытталған үлкен жауапкершілік пен міндетті арқалаушы. Сіздер кәсіби шеберлікпен қатар, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға деген адалдықтарыңызбен көпшіліктің құрметіне ие боласыздар. Сіздердің еңбектеріңіз елдің құқықтық дамуына оң ықпал жасап, қоғамда сенім мен тұрақтылықты арттырады. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, ал алдағы қызметтеріңізде одан да жоғары жетістіктер мен жеңістер тілеймін" деді Бектас Балғабайұлы.

Жиын барысында Дәулетбек Тұрабаев, Абдимаулен Сабырханов, Жамшит Сайфулмаликов, Нұрбол Тасболатов, Гүлмира Жусупалиеваға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
07 желтоқсан 2025 ж. 221 0