№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мектеп ішінде әжетхана болу міндетті

Мектеп ішінде әжетхана болу міндетті


Мектеп директорларымен еркін форматта кездескен аудан әкімі Сұлтан Мақашов оқушыларға сапалы, білім, саналы тәрбие беріп, бәсекеге қабілетті қалыптастыру жолдарын талқылады.


Жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етудің бір жолы – білім сапасын арттыру. Ал оқушының білім сапасын арттыру – өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген, озық тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін мұғалімге байланысты. Мұндай ұстаздар бізде көп. Бірақ мектептерде оқушылардың сапалы білім алуына қажетті жағдайлар жасалған ба, қысқа әзірлік қалай? аудан басшысы назарды осыған аударды.
Атап айтқанда, мектепті таза ауыз сумен қамтамасыз ету, яғни диспенсерлер орнату, мектеп ішінде жедел түрде әжетхананың болуын қамтамасыз ету, мектеп ауласын көгалдандыру, мектепте жылу маусымында жылудың үнемі 21 градустан төмен болмауын қадағалау, жылу қазандығының және сыртқы әжетхана тазалығын сақтау керек. Ең бастысы, мектептердегі кадр қабылдау мәселесінде заңдылықтардың қатаң сақталуын және кіші техникалық қызметкерлерді еңбек биржасы арқылы қабылдау, ашықтық пен жариялылық принципін ұстану тиіс.
Кездесуде аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов таза ауыз сумен және мектеп ішінде әжетхананың болуын қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.
Әкімнің тапсырмасын кенттегі мектептер шұғыл орындауға кірісіп кетті. №163 мектеп әжетхананы бітіріп, ауыз сумен қамтыды. Мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Қоғамбек Бисембаевтың айтуынша, аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы мен ауданның бас ұстазы Болат Мақсұтұлы арнайы келіп, атқарылған жұмыстарды көріп, оң бағасын беріпті.
№125 мектептің директоры Жеңіс Ибрагимов: «Ұлдар және қыздар әжетханасы іске қосылды. Диспенсерлер орнатылды. Бірнеше күнде ауыз сумен қамтылады», – деді.
№3 мектеп-интернатында әжетхана мен ауыз су толығымен шешілген. Директор Ләззат Нәлібаеваның сөзінше, мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде (6 жыл бұрын) бұл жұмыстар шешімін тапқан.
Аталған мәселелер №110 мектеп-лицейде де шешілген. Директор Әділмырза Тәждиновтың айтуынша, Назарбаев Зияткерлік мектептері негізінде екі жыл бұрын әрбір сыныпқа ауыз су кіргізген. Қазір мектеп ішінде сегіз әжетхана жұмыс істейді екен.
Аудан әкімінің талабы – қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайтудан туындап отырғаны анық. Оқыту процесінде оқушының білім, білік, дағдыларын дамыту басты бағдар, оның үстіне, оқушылардың денсаулығын сақтау негізгі міндеттің бірі. Олай болса мектеп ішілік әжетханалардың болуы, таза ауыз сумен қамтылуы орынды талап.
Жалпы озық елдер адами капиталды дамытуға басымдық берді. Себебі адами капи­тал елдің экономикалық өсуінің маңыз­ды факторы саналады. Халықаралық сарап­шылардың бағалауынша, адами капиталдың 1 пайызға артуы еңбек өнім­ділігінің 3,81 пайызға өсуіне әкеледі. Төртінші өнеркәсіптік революция қарсаңында бәсекеге қабілетті қалыптасуда білімді, білікті және денсаулығы мықты жастарды тәрбиелеу маңызды. Ендеше аудан басшысының барлық мектеп директорларына қойған талабы уақыт тудырған қажеттілік деп қабылдаған жөн.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
09 қараша 2019 ж. 1 408 0