№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «Кемеңгер ұстаз» байқауында бас жүлдеге ие болған Гүлмира Егизбаева

«Кемеңгер ұстаз» байқауында бас жүлдеге ие болған Гүлмира Егизбаева

Ұстаз – зиялы қауымды қалыптастырушы. «Жанам деген жүрекке от беріп», білімді де, тәрбиені де, мәдениетті де, парасаттылықты да жас бүлдіршіннің бойына сіңдіріп, көкірек көзін оятушы жанның қадір-қасиеті қашан да жоғыры. Біз мұны Республикалық «Кемеңгер ұстаз» байқауында бас жүлдеге ие болған Гүлмира Егизбаеваның бойыннан байқадық. Білікті ұстаз осы марапатқа қалай ие болды? Осы турасында сөз етсек.


Ол 1971 жылдың 19 қазанында Ақүйік ауылында дүниеге келді. Сон­дағы №55 мектепте білім алып, 1986 жылы 8-сыныптан кейін Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы педагогикалық училищеге оқуға түсті. Үйдің үлкені болып, өзінен кейінгі қос бауырына қарайласып, анасына жәрдемші болды. Ардақты әкеден 3 жасында айрылып, тұңғыш перзент болған соң, жұмысқа да ерте араласты.
Оқуда алғыр оқушылар қатарында болып, 1990 жылы педагогикалық училищені үздік тамамдап «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын алып шықты. Осы жылы өзі білім алып, түлеп ұшқан №55 мектебіне жұмысқа орналасады. Мақсаты – анасына қол­ғабыс жасап, талапкерлерге сапалы білім беру болды.
Алғашқы еңбек жолын еске алған Гүлмира Жарылқасынқызы: «Маман­дығымды өте жақсы көріп, қызығып жұмыс атқардым. 1993 жылы мекте­бімізде аудандық семинар өткізіліп мен онда білікті аудан майталман мұғалімдер алдында ашық сабақ өткіз­дім. Семинарға жиналған көпшілік сабағыма жоғары бағасын берді. Сол кезде аудандық білім бөлімінде бастауыш сыныптар әдіскері, білікті маман Әсима Құлымбетова еді. Семинарда өткен сабағымды жоғары бағалап мені Республикалық «Атаулы мектепке» мүшелікке ұсынатынын айтты», – деді ол.
1993 жылы аталмыш «Атаулы мек­тептің» мүшелігіне қабылданады. Осы күннен бастап қайнаған қызу жұмыс басталады. Аудандық, облыс­тық семинар, треннинг секілді ауқымды шаралар жалғасты. Биыл тынбай еңбек етіп келе жатқанына 30 жыл толатын тәлімгердің жеткен жетістігі көп-ақ. Соңғы жылдарды сөз етсек, оқушыларым аудандық, облыстық, республикалық сайыстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері болыпты. Оның тәжірибелері 2000 жылы іс-тәжірбиесі Республикалық «Бастауыш мектеп» журналына жария­ланды. 2015 жылы оқушысы Әсет Әйгерім облыстық олимпиаданың 1 орын жүлдегері атанып, осы жылы Республикада бағын сынап жүлделі 2-ші орын алды.
1995 жылы Өзгент ауылдық окру­гіне қарасты Ақсуат елді мекеніне тұрмысқа шығып, №245 мектебінде ұстаздық жолды жалғастырды. Бұл білім ошағына келгенде де көптеген семинар сабақтар ұйымдастырып, әріп­тестермен өз іс-тәжірбиемен бөлісті. «Оқу инемен құдық қазғандай демек­ші» талапты жастардың зейінін ашып, білімге, ғылымға құштарлығын оятты.
2003 жылы Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетіне оқуға тап­сырып, жоғары білім алып, деңгейін көтерді. Мектеп ішілік шараларда түрлі жанрда өнер көрсетіп, музыкалық аспаптарда ән шырқайтыны тағы бар. Тәжірибелі маман әріптестер арасында беделі оны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызыметінен көрінуге итермеледі.
Бірақ отбасы жағдайына байла­нысты бұл қызметті ұзақ атқара алмай, өз қалауы бойынша қызметтен бас тартты. Бүгінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.
2019-2020 оқу жылындағы жет­кен жетістіктері көп. Аудандық олим­пиадада 11-сынып оқушысы Оңласын Назгүл ауданнан 1 орын алып, облыстық Олимпиадада 3-ші орын иегері атанды.
Қазіргі таңда жоғарғы санатты педагог-зерттеуші ұстаз «Дарын» онлайн платформасының ұйымдас­тыруымен өткізілген «Кемеңгер ұстаз» онлайн тестке қатысып 1 орын алды. Бұл кез-келген ұстаз бағындыра бермейтін жетістік деуге болады. Онлайн тесті шешуге 40 мин уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде 20 сұраққа жауап беру қажет. Бұл туралы:
– Сұрақтар педагогика, психология, тәрбие мен білім төңірегенде келді. Логикалық ойлау, тәжірбие, теория мен курстардан алған білім, білігімнің арқасында осындай нәтижеге жеттім деп ойлаймын, – дейді ұстаз.
Кемеңгер ұстаз атанып, беделі биіктей түскен ұстаз жалғыз өзі ұл-қызын өсіріп отқан жайы бар. Жары Мұрат Әбдіхаликовқа тұрмысқа шығып, екеуі 6 жыл баянды шаңырақ құрды...
– Отағасынан 30 жасымда қапияда айырылып қалдым. Ол осы заманның қаһарман батыры десем артық айт­қандық болмасын. Олай дейтінім 4 бірдей өрімдей қыздың өмірін арашалап қалу үшін барын салды, – деп еске алады кейіпкеріміз.
Оқиға 2001 жылдың бірінші мамы­рында болған. Ауылдың жанында үлкен көлдің жағасында менің жарым достарымен демалып отырады. Онда біршама студент ұл-қыздар қайықпен қыдырып жүреді. Жастар қарап отырсын ба, қайық үстінде би билейді, бір-бірімен алысады. Сол кезде қайық аударылып, 10 шақты адам суға құлайды. Улаған-шулаған дауыс сол маңда отырған адамдарға естіледі. Суға батып жанталасып жатқан қыздарды құтқармақ болып Мұрат тұра жүгіреді. Содан судағы төрт бірдей қызды аман-есен құтқарып қалады. Төртінші қызды құтқарып жатып аяғының тамыры тартылып, өзі суға батып кетеді.
– Мұраттың осындай көзсіз батыр­лығын мақтан етемін. Жақсыдан қалған ұрпағы бүгінде есейіп, ержетті. Екеуі де мектепті жақсы бітірді. Бір-бір мамандығын алып, өз өмір жолын табуда, – дейді ол.
Өмір көрген, ой түйген жанды әріп­тестері де жақы көреді. Гүлнар Егізбаеваның бойындағы өнерді, мәде­ниетті, сыйластықты үлгі ететін жастар да табылады. №245 мектеп директорының орынбасары Нариман Үсенов: «Гүлмира апай біздің ұста­зымыз. Барлық ұжым мен оқушылар Гүлмира апайдың адамгершілік қасие­тін, болмысын, жігерін үлгі етеді. Ақылшымыз, жанашыр жақынымыз», – деді.
Қиындыққа мойымай, өмірде өз жолын тауып, ізі қалуда еңбек еткен жанды «Кемеңгер ұстаз» деп дәріп­тейміз!

Мақпал ПАТЕНОВА

26 мамыр 2020 ж. 1 179 0