№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шоқтығы биік Шотаева

Шоқтығы биік Шотаева


Бала үшін анасынан кейінгі ең қымбат, аяулы жан – бастауышта білім берген ұстазы. Солардың бірі Қосүйеңкі ауылындағы №161 «Ынтымақ» орта мектебінің мұғалімі Ғалия Шотаева шәкірт тәрбиелеуде өзіндік еңбегімен дараланған ұстаз.


Ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов «Мұғалім мектептің жаны» деп баға берген. 30 жылға жуық ұстаздық етіп жүрген Ғалия ұстаздар отбасынан шыққан. Ата-ана үрдісімен ардақ тұтқан жан ұстаздық жолды таңдауға бекініпті.
– Өзім бұрынғы «Крассная звезда» ауылында туып өскенмін. Балалық шағым сонда өтті. 8 сыныптан кейін Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы педагогикалық училищеде бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша білім алдым. Алғаш еңбек жолымды өзім оқыған №52 мектепте бастадым. Отбасы жағдайыма байланысты ұстаздықты аудан орталығындағы №125 мектепте жалғастырдым, мұнда да 1 жыл жұмыс жасадым. 1992 жылдан бері Қосүйеңкідегі мектепте қызмет жасап, міндетіме мін түсірмеуге тырысып келемін. 2004 жылы жоғары оқу орнына түсіп, Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бакалавры біліктілігін алдым.
– Ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін ұлы мамандық екенін мен енді түсінгендеймін. Осы жолда әкем Әбдіжолдас пен анам Гүлбаршынға, мектеп қабырғасындағы алғашқы ұстаздарым Рыскүл және Салима апайыма бүгінге дейін бағдар беруде бабынан жаңылмаған ұстаздарым Ұлтай Балмағанбетова, Сәнімкүл Желдірбаева және Мұхамеджан ағайыма алғысым шексіз, – дейді ұстаз тебірене.
Иә, ұстаздан тәлім алмаған жан баласы жоқ. Ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, шешен де, көсем де бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан оның алдында бүкіл адам баласы бас иеді.
Ізденімпаз, шығармашыл жан «Сыр мектебі», «Айгөлек» журналының тұрақты авторы. Ата-анамен қояма-қолтық байланыс жасап, әр балаға аса қамқор болып келеді екен.
– Бүгінде оқу бағдарламасы жаңартылып, сабақ барысы қиындады деген ұғым бар. Мен онымен келіспеймін. Дәстүрлі білімнің деңгейі түскен емес.Бар болғаны жаңа технологияда баланың ойлау ерекшелігі мен дамуына қарай өзгешеліктер енгізілді. Мектептегі біліммен қатар пәндік негіздегі қосымшалар енгізіліп баланың жан-жақты, білімді тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жоғары. Білімде бәсекеге қалыптасып, баланың ойын жеткізе білудің өзі өнер, – дейді білікті ұстаз.
Оның осы бағытта «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлау қабілетін дамыту» атты әдістемелік авторлық кітабы жарық көрген. Биылғы оқу жылында «Эрудит» интелектуалды білім сайтының «Үздік сабақ», «Шебер педагог-2019» атты ІІ халықаралық байқауларда І орынды иемденді. Білім беру жүйесіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ шығармашылық байқауларда оқушылары да алғы орындардан көрініп жүр.
– Ғалия Әбдіжолдасқызы мектебіміздегі озық мұғалімдер қатарында. Бойындағы ізденімпаздығы, қарапайымдылығымен ұжым мен ата-аналар алдында беделі бар ұстаз. Бірлестік жетекшісі ретінде қоғамдық жұмыстардан үнемі табылады. Балаларға білім беру жолында өзінің шеберлігі мен шығармашылық қабілетінің жоғарылығын көрсете біледі, – деді мектеп директоры Нұрлан Өтепұлы.
Отбасының ұйытқысы болып жүрген жанның өмірлік жары Илясов Нұржан да ұстаздық жолда. Бүгінде 2 ұл, 2 қызынан немере сүйіп, ата-әже атанған үлгілі отбасы.

Майра ҒАНИЕВА
14 қаңтар 2020 ж. 839 0