№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотында заңдық маңызы бар факті анықталды

Жаңақорған аудандық сотында заңдық маңызы бар факті анықталды


Жаңақорған аудандық сотында арызданушы У.-дың заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық ісі қаралды

Сотта анықталғандай, арыз беруші У. Қызылорда қалалық М.Мәметова атындағы педагогикалық училищесіне 1986 жылы «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш кластарында оқыту» мамандағы бойынша оқуға түсіп, отбасылық жағдайына байланысты 1988 жылы оқудан шығып кеткен.
«Қызылорда қалалық архиві» КММ-нің 16 мамыр 2017 жылғы анықтамасында, арыз беруші У.-ға М.Маметова атындағы педагогикалық училищесінің 1986-1988 жылдар аралығындағы оқушылар туралы жеке құрам бойынша құжаттары архивке сақталуға түспегені туралы көрсетіліп, бұл мәселемен оқу орнының ведомстволық архивіне жолығу қажет екені түсіндірілген.
Өз кезегінде, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің 3 қараша 2017 жылғы мұрағаттық анықтамасында, 1986-1988 жылдар аралығындағы колледж құжаттары 1974-1991 жылдары алыс-беріс актісі негізінде Қызылорда қалалық мұрағатқа тапсырылғаны көрсетілген.
Бұл фактінің анықталуы арыз беруші У.-ға зейнетке шығуына құқық береді, өйткені оның оқу жылдары жалпы еңбек өтіліне жатады, оған қатысты құжаттарды өзге тәртіппен алуы және жоғалған құжаттарды қалпына келтіру мүмкін емес.
Сол себепті соттың шешімімен азаматша У.-дың арызы қанағаттандырылып, оның екі жыл оқу орнында оқығаны туралы заңдық маңызы бар фактісі анықталды.
Жаңақорған аудандық сотының бас маманы А.Нысанбаева.
09 ақпан 2018 ж. 1 310 0