Танымал жазушының қарындасы қандай төсбелгі алды?
«Жақсы ұстаз – мектеп жүрегі». Осындай бағаға №163 орта мектебінің бастауыш пәнінің мұғалімі Асылзат Жұматова әбден лайық. 35 жылдан астам уақыт бала жанының бағбанына айналып, қаншама оқушыны білім нәрімен сусындатқан Асылзат Әлмашқызы жуырда «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгіні кеудесіне тақты. Ұстаздық жолы қашанда кейінгі жастарға өнеге бола алатын мұғалім туралы мақала жазуды мақсат тұтып, апаймен дидарластық.
Отыз бес жыл ішінде 10 сыныпты қанатынан ұшырған ұстаздың еңбегі еленді. Қазір №163 орта мектепте 1600-ден аса бала тәлім алады. Олардың білім деңгейі, әсіресе ҰБТ көрсеткіші алдыңғы қатарлы мектептер көшінде. 2019-2020 оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып саны жетіге жетті. Осының өзі мектептегі білім деңгейінің биігін көрсетеді. Ал түлектердің жоғары көрсеткішке қол жеткізуіне бастауыш сыныптағы алған білімі әсер ететіні анық. Осындай табанды қызметте жауапкершілік жүгін арқалап келе жатқан Асылзат Әлмашқызы қандай құрметке болса да лайық.
– Өзім бастауыш сыныпта оқып жүргенде-ақ мұғалім боламын деген арманым болды. Бастауыш сыныпта сынып жетекшіміз болған Мейрамкүл деген апайдың әрбір ісінен өнеге алдық. Жүріс-тұрысына қарап бой түзедік. Одан кейін Гүлбахрам деген ұстазымыз болды. Ол кісінің тәлімі де бізге өмірлік сабақ болды. Міне мен осылай ұстаздық салаға келдім, – деді кейіпкеріміз.
Қыраш ауылындағы №180 Қызылмақташы мектебін, одан кейін Бірліктегі 10 жылдық мектепті бітірген ол 1981 жылы Қызылорда қаласындағы бұрынғы Мәншүк Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесіне оқуға түседі. 1984 жылы бітіріп, өзі білім алған Қыраштағы білім ордасында еңбек жолын бастайды. Екі жылдан кейін отбасылық жағдаймен кенттегі №163 орта мектепке қызметке орналасады. Міне содан бері 33 жыл уақыт бір мектепте еңбек етіп келеді.
– Қазір адами капиталға сұраныс артуымен ұстаздың сапалы қызметіне де сұраныс артты. Мұғалімдер баланы тұлға етіп қалыптастырады, өмірге бейімдейді, бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды. Яғни білікті, білімді, белсенді ұстаз елді дамытушы күшке ие. Өйткені ХХІ ғасыр білімдінің дәуірі. Осы бағытта еңбек етіп жүргеніме қуаныштымын, – деді.
Бастауыш сынып мұғалімі – пән оқытушы ғана емес, ол – бағбан, баланың болашағына бағыт беруші, бала бойындағы қабілетінің көзін ашушы, қорғанышы деуге болады. Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Осы сатыда әрбір баланың өз бетімен білімін жетілдіре алатын, шығармашылық, сыни ойлауы қалыптасқан шәкірт тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті талап етеді.
– Мектепте бастауыш сыныптан тәлім беретін 35 мұғалім бар. Олардан жоғары сыныпқа қанат қаққан әрбір оқушының білім деңгейі, тәртібі өзгеше болары анық. Десек те Асылзат Әлмашқызы тәрбиелеген балалардың орны бір төбе. Әсіресе білім жағынан алдыңғы қатарда деуге болады. Мұғалімге қарап тәрбиеленетін шәкірттерге ұстаздың ұстанымдылығы, мейірімділігі, жүріс-тұрысы үлгі болуы тиіс. Асылзат оқушыларға ғана емес, өзге мұғалімдерге де үлгі етуге тұрарлық жан. Бір сөзбен айтқанда, Асылзат ұстаздың бойынан нағыз мұғалімге тән қасиетті көруге болады, – деді әріптесі Ләззат Әбсаттарқызы.
Ләззат ұстаздың өзі де 40 жылдан бері бастауыш пәнінің тәлімгері, әрі бірлестік жетекшісі. Расында біз Асылзат ұстаздың қандай мұғалім екенін әп-сәтте-ақ байқадық. Мектепке кірген бойда жетінші сынып оқушыларының апайды көріп қуанғанынан әсер алдық. Тіпті үшінші сынып оқушысы Назым Бағдаттың: «Асылзат апай секілді мұғалім болғым келеді» деген сөзінің өзі-ақ ұстаздың қандай педагог екенін көрсетіп берді. Белгілі жазушы Жолтай Әлмаштың қарындасы Асылзат ұстазбен тілдесу барысында оның өз ісінің шын жанашыры екенін байқадық.
Бүгінде екі ұл, бір қыз тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ананың бар тілеуі шәкірттерінің адам болып қалыптасуы. Оның шәкірттері – қазір елдің әр өңірінде өз саласының білікті мамандары. Ізінен еріп, ұстаз болып жүрген шәкірттері қаншама. Ал марапаттары өз алдына. Былтыр облыстың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
– Ұстаз болу үшін адам бойында қандай қасиет болуы керек?
– Ең бірінші мейірімділік керек, екінші қарапайым, иман жүзді болуы шарт, үшіншіден білімді, ізденімпаз болы міндет. Сонда ғана тұлғадан ұлағатты ұстаз шығады.
P.S.: Білім берудің бастауыш сатысы тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастыратын жауапты кезең. Осы кезеңде аянбай тер төгіп келе жатқан Асылзат Жұматова туралы әлі талай құнды дүниелер, толымды ойлар жазылары анық.
Әли ТЕМІРБЕК