№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Қазақстанның үздік ұстазы" Құттықожада тұрады

"Қазақстанның үздік ұстазы" Құттықожада тұрады


Ұлт ұстазы Бауыржан Момышұлының «Өмірге бала алып келген аналарды қалай құрметтесек, ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген сөзі бар. Ақиқатында ұстаз балаға ата-анадан кейінгі, ақыл-ойдың, әдептілік пен ізгіліктің, білім мен біліктің дәнін сеуіп, тәлім-тәрбие беретін ұлы тұлға. Мұғалім – қоғамның айнасы. Ұстаздан алған білім мәңгілік азық болатыны белгілі. Жақсы ұстаздан тәлім алған ұстамды шәкірт елдің ертеңі.


Осындай жауапкершілікті мойымай көтеріп, 31 жыл бойы ұлы жолда еңбегімен дараланған ұстаздардың бірі Дариха Құрбаназарова. Ол бүгінде Құттықожа ауылындағы №164 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Бүгінгі дейін талай шәкіртті баптап ұшырды. Оны осы мектептің директоры Жанболат Ахметжанов ерекше ықыласымен жеткізді.
– Өзім мектеп қабырғасында оқып жүргеннен осы ұстаздарыма қарап бой түзедім десем артық айтқаным емес. Дариха апай менің сынып жетекшім болды. Ұстазым бір бойына шығармашылық адамына тән қасиеттің барлығын сіңіріп, тынбай ізденісінің арқасында мектеп мақтанышына айналған жан. Қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен І республикалық Ыбырай Алтынсарин атындағы олимпадаға төрт оқушысын алып барып, шәкірттері ІІ-ші дәрежелі дипломды иемденді. Өзі арнайы «Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен» марапатталып, мектеп мерейін асқақтатып оралды. Білім ордасындағы гуманитарлық пән бірлестігінің жетекшісі.Талапшылдығының арқасында шәкірттерін білім мен білікке, шығармашылық пен өнерге баулып келеді. Сондай-ақ бірлестік мүшелері мен жас мұғалімдерге үлгі боларлықтай қасиетімен ерекшеленеді, – дейді.
Ол Кеңес ауылының тумасы. Балалық шағы осында өткен. №239 Т. Әбдірашов атындағы орта мектепті үздік бітіріп, Қызылорда қаласындағы М. Маметова атындағы педагогикалық училещені «Бастауыш сынып мұғалімі, аға пионер вожатый» квалификациясы бойыншабөліміне оқуға түскен. Еңбек жолын 1989 жылы өзі оқыған білім ордасында бастайды.
– Менің осы жолды таңдауыма ұстазым Әйбеш Басқожаевтың ықпалы зор. Бастауыш сыныптан бастап мұғалім болуды мақсат тұттым. Әсіресе мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндердің әрі ұстазы, әрі ана болуың керек. Осы жолда менің әрбір бастамамды қолдап, маған тіреу болған ата-анам екенін ерекше атап өткім келеді, – дейді ұстаз ағынан жарылып.
Иә, «Алма ағашынан алысқа түспейді» дегендей Дариха Налібайқызы перзенттерінің арасында ұстаздық жолды таңдағандар да бар.
Көшбасшы ұстаздың өзімен қоса шәкірттері бойындағы интелектуалдық қасиеті бір төбе «Президенттік сынып» атанып кеткен тәуелсіздіктің құрдастарын біліммен сусындатып, сыныптағы 32 оқушының тең жартысының үздік бітіруіне негіз қалаған ұстазды оқу білім басшылығы да құрмет тұтады.
Білікті ұстаз 2002 жылдан бастап Құттықожадағы №164 мектепке ауысып келді де, содан бастап ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында педагогикалық кеңестің хатшысы қызметін қатар алып келеді екен.
2007-2011 жылдары Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауы атныдағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі мамандығын қоса алып, сол жылдардан бері мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып еңбек жолын жалғап келеді.
«Ұстазсыз шәкірт тұл» деген. Оқушылары әрдайым мектеп мерейін үстем етіп келеді. 2009 жылы мектептен 9 оқушы қанат қақса, соның 5-еуі білім грантын иемденген. 2011 жылы тағы бір шәкірті Жанар Әлімбекова Қазақстан телеарнасында сөз сайысына қатысып, бағдарламаның атауы – «Сөзмергенді» қанжығасына байлады. Күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының І республикалық «Абай жаққан бір сәуле» байқауында шәкірті Нұрайым Күмісбек ІІІ орынға табан тіреді.
2016 жылы «Ыдыс-аяқ, қазан-ошаққа байланысты қазақ тілінің лексикасы» авторлық әдістемелік жинағы жарық көрді. Сонымен қатар интернет жүйесіндегі ұстаздардың порталында үнемі өз тәжірибесімен бөлісіп отыруды да ұмыт қалдырған емес. Шығармашыл шәкірттерінің де мақалалары ғылыми жинақтарға енгізгенін айта өту қажет.
Ұстаз өткен оқу жылында облыстық білім басқармасы Майра Мелдебекова мен кәсіподақ төрайымы Райкүл Байназарованың қолынан арнайы марапаттарды алып қайтты.
Оған 2020жылы «Nobel education» халықаралық педагогикалық орталығының шешімімен «Қазақстанның үздік ұстазы» куәлігі беріліпті.

Майра ҒАНИЕВА
19 ақпан 2020 ж. 936 0