Ауылым алтын бесігім
Біле білген адамға бұл сөздің астарында үлкен философия жатыр. Оған ескінің «Ауылы бірдің – аузы бір», «Ауылы бүтінді аман де, Елі бүтіңді есен де» дейтін есті сөздерін қосыңыз. Оймақтай ойға мол мағына жыйнақтап, мәнеріненмәйекті мазмұн, кемелінен кемеңгер ой жеткізіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан осы ұлағаттың мәніне үңілсеңіз қазақтың жақсы жайсаңы да, кемел кемеңгері де ауылдан шыққанын ұғасыз.
Содан болар туған ауылын қаламына арқау етпеген қаламгер кемде-кем. Арқалы айтыскер Айтақын Бұлғақов:
– Ауылда бәрі, ауылда,
Ағайын, туыс, бауыр да.
Төзімі берік жұрт сонда,
Кеудесін тосқан дауылға, – деп жырға қосыпты.
Осындайда тауы мәрт,суы мөлдір,ауасы саф Жайылманы қалайша мақтан тұтпайсын?! Тұрғыны еңбекқор, үлкені ақылшы, кішісі ізетті, енесі тағлымды, келіні әдепті, баласы тәлімді ауыл тарихи тамырын тереңнен тартады. Уақыт өлшеміне салғанда ғасырға жуықтапты. Осынау айтулы той елдің мерейлі мерейтойымен қатар келгені қандай бақыт десеңші?! Мұндайда қазақ «қой егіз туды» деп қуанбай ма? Міне, осындай қуанышты әрбір жайылмалық бастан кешіруде.
Әлемдік тәжірибеде, кез келген мерейтойлық кезеңдерді әрбір 25 жылмен белгілеудің де өзіндік мәні бар. Өйткені, тарих әр буынды 25 жылдық айырыммен бөледі. Айталық, бала туғанда, әкесі – 25-те, атасы – 50-де, бабасы – 75-90. Бұл адам жасындағы ортақ шартты ырғақтың мемлекет тарихында да өзекті негізі бар. Демек, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын жоғары деңгейде атап өтудің саяси-мәдени маңызы бар десек, елді мекеннің 90 жылдығын атап өтудің өзіндік салмағы бар.
Әсілі, туған жердің топырағын басып жүрген әрбір азамат үшін ауылдың өткеніне оралып, ескірмейтін ізгі іздерді жаңғырту тарихи құндылықтарды арттырудың басты қадамы. Көнекөз қариялардың сөзі бойынша Жайылма ауылының негізі қазіргі «Аяқты Жайылма» өңірінде қаланған. Содан бері тарих сүрлеуінде өзінің сара жолын іздеп, небір қиындықты бастан кешіріп, бүгінде кемелденген, құтты қонысқа айналды.
Бала кезімізде көктем шыға Шыңырау, Бижан арық деп аталатын тарихи жерге асығушы едік. Ондағы мақсат қызғалдақ теріп, жауқазын қазу болатын. Сол кезде жер бедерінің тегістігінде бір міні жоқ жазық далада ауқым-ауқым ескі атыз-арықтарды көретінбіз. Есейген шақта ол жұмыстардың Сунақ тоғанының етегіне бидай егу үшін жасалғанын қариялардан естіп, білдік. Жалпы, одан бөлек Сәмен, Төлес тоғаны болған.
Жусаны мен баялышы, теріскені мен жыңғылы, Қаратаудан ескен салқын самалы мен жер асты салқын суы тұнып тұрған туған жердің сұлу табиғаты бойыңдағы бар ыстық ықыласың мен құштарлық-құмарлығыңа сыймайтын бір тылсым дүние ғой! Ертеден қалыптасқан мал және егін шаруашылығын қатар игерген бүгінгі ауыл еңбеккерлері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауынан туындайтын экономикалық-әлеуметтік бағдарламалардан қалыс қалмай, мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Егіспен айналысатын 12 шаруашылық 500 гектарға жуық бақша-көкөніс дақылдарын егіп, сапалы қарбыз, жуа өнімдерімен жыл сайын жинап, азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсаты үшін облыс орталығы мен Елордада өткізілетін жәрмеңкелерде таудың тұңық суынан нәр алған бақша дақылдарын ұсынып, елдің алғыс-тілегін алып жүр. Бұл – ерте көктемнен қара күзге дейін диқандардың уақытпен санаспай, аптап ыстыққа қарамай еткен еңбектері мен төккен терлерінің нәтижесі.
Жомарт Жер ананың қадір-қасиетін жіті түсінетін жайылмалық дихандар Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары алдан шыққан сын-сағаттарды ерен еңбегінің арқасында енсерді. Тіптен, 1993-2000 жылдарғы экономикалық құлдырау мен әлеуметтік төмендеу кезеңінде ауыл еңбеккерлері еңбектің арқасында пияз өсіруден рекордтық көрсеткіштер көрсетті. Көк егіс пен ақ егісті қатар игерген диқандар бидай мен жүгеріден мол өнім алуды жолға қойды. Осы кезеңде Красная-Звезда совхозынан еншісін алған «Жайылма» өндірістік кооперативі құрылып, техникалар мен малдай үлестер ауыл экономикасын едәуір алға жылжытты.
«2001-2003 – Ауыл жылдары» болып жариялануының аясында ауылдық жерлерге көңіл бөлініп, жас мамандарды үймен қамтамасыз ету қолға алынды. Осы кезде мемлекет дамуындағы серпінділіктің ұшқыны Жайылма ауылына да жетіп, жас мамандар тұрғын үймен қаматамасыз етіле бастады. Осылайша тал бесікте тербеліп, тәй-тәй қадам басқан елдің экономикалық-әлеуметтік дамуының көкөжиегі көріне бастады. 2002 жылы ауыл тұрғындары мен мектеп басшылығының белсенділігімен апаттық жағдайдағы №195 орта мектебінің жаңа ғимаратының құрылысы басталып, жартылай асар, жартылай мемлекеттік қолдаумен 2003 жылы пайдалануға берілді. Жаңа ғимараттың ашылу сәтінде оқушылар мен ата-аналардың қуанышында шек болмады.
2005 жылы ақпан айында Үкімет Қаулысымен Шалхия кентінен бөлініп өз алдына ауылдық округ болып құрылудың басты тиімділігі тұрғындардың құжаттамалық қажеттілігін жергілікті жерде орындауға мүмкіндік туды. Сол жылдары халық саны 1182 адамды құрайтын шағын ауылда Жайылма ауылдық округі әкімі аппараты орналасқан кеңсе ғимаратының шатырында Мемлекеттік Тудың желбіреуі Отанға деген шынайы сезімді асқақтатып, жастарға патриоттық тәлім берді.
Содан бері Жайылма төбесінде қыран құс қалықтап, Қаратаудан шыққан нұрлы күн далаға шуағын төгіп, аспан күмбезі көк түсті боямен әрленіп, ақша бұлттар қазақы нақышта өрнек салып тұрғандай.
Бұл – Тәуелсіздің жеңісі!
Талғат ЗЕЙДАЛИЕВ,
Жайылма ауылдық округінің әкімі