» » КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ


Бүгін Машбек Нәлібаев ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен аудандық 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Келіні жақсы үйдің, көңілі жайлау» атты аудандық келіндер сайысы болып өтті. Байқауға 16 елді мекеннен 16 келін байқауда бақ сынасты.
Кешке "Ұрпақтан –ұрпаққа" Жаңақорған ауданының қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әзия Қыстаубаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Ғалымжан Шәдібекұлы, аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалының кеңесшісі Үсенұлы Нариман, аудандық «Жастар ресурстық» орталығының директоры Әкімбек Әлібе, Машбек Нәлібаев ауылдық округі әкімі Ө. Ильясов, ауыл ардагерлер ұйымының төрағасы С.Сұлтанов қатысып сайысты ашып берді. 
Байқаудың жеңімпаздары: Машбек Нәлібаев ауылының түрғыны үй шаруасындағы 1 баланың анасы 23 жастағы Нұрлыбаева Гүлзат «Бас жүлдені» қанжығасына байлады.Бірінші орын-Жаңақорған ауданының тұрғыны Бейсенбекова Тұрғанай.Екінші орын: Жайылма ауылынан келген үміткер Кекілбаева Айдын және Әбдіғаппар ауылының үміткері Оразбекова Нәзгүл Үшінші орын иегерлері: Машбек ауылы тұрғыны Төлепбаева Сымбат, Бесарық ауылы тұрғыны Белгібаева Тұрғанай және Кейден ауылы тұрғыны Тұрғанбаева Мейрамгүл. Қалған 9 үміткер Алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
05 наурыз 2018 ж. 2 108 0