Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Ұят

Ж.Баласағұн: «Ұятсыздық – ердің емсіз кеселі», «Ұят – жаман ойдың жүгені», деп пәлсапалайды. Ал, Ә.Науаи: «Ұятсызда опа жоқ», десе, С.Сарайи: «Ұятсыз адам иттен де жаман», депті. Осы ұлағаттың мәніне үңілсеңіз қазақ қоғамы мәдениеттіліктен, ар-ожданнан жұрдай болып бара жатқанын ұғасыз.


Сөзіміз дәлелсіз болмасын. Бірінші мысал, ата-анасына дауыс көтеріп, перзентке тән қызмет көрсетпей, қайта тірідей ардақтауы керек жанды «Қарттар үйіні» тоғытып жатқандар жоқ емес.
Екінші мысал, қоғамдық орында немесе ағайын бас қосқан жиында үлкендерді басып төрге озатын жастар көбейді.
Үшінші мысал, көшеде жартылай тыржаланаш жүруді арсынбайтын қыздар көбейді.
Міне, осылай жалғастырып кете беруге болады. Алаш баласы «ұят – адамгершіліктің жемісі, ар-намыстың қосшысы», деп өсірмеп пе еді ұрпағын? Себебі ұят жоқ жерде береке-бірлік, әдеп-инабаттылық болмайтынын білді.
Енді осы ұят төңірегінде аз-кем әңгіме өрбітейікші. Мәселен, біздің елде ұятсыз саналатын кейбір әрекеттер басқа бір елдерде қалыпты жағдай. Яғни, ешқандай сөкеттігі жоқ. Сөзіміз дәлелді болсын. Африка құрлығында орналасқан Жаңа Гвинеядағы бір қауымның кішкентай қыздары жалаңаш жүргенді ұят көрмейді. Алайда олар басына сол елдің сұлулық белгісі болып саналатын жаулық тақпаған күйі біреудің көзіне түссе, сұмдық ұялады. Оңтүстік Африка қауымдарының адамдары жалаңаш жүре береді және ол үшін қысылып-қымтырылу дегенді ойына да алмайды. Бірақ өздерінің тамақтанып отырғанын біреулер көріп қалса, қатты қысылатын көрінеді. Тіпті кейбір елдер моншада еркек-әйелі аралас шомылуды әдепсіздік деп санамайды екен.
Ұят жайлы шариғат не дейді? Ислам ағартушылары мен ғалымдарының сөзінше, діндегі ұят үшке бөлінеді. Олар – Алладан ұялу, адамдардан ұялу және өзінен ұялу. Осы үш ұятың берік болса, сөзсіз, жақсылардың қатарынансыз. Олай болса, исламмен өмірін астастырған қазақ бүгінгі ұрпағына ұят сеземін егіп, ұлттық менді сақтауға атсалысу қажет-ақ. Бұл жайында сіз қалай ойлайсыз құрметті оқырман? Әлде ардан, ұяттан безген ұрпақ ертенімізді көгерте ме?..
Нұр-КЕНЖЕ.
06 қазан 2019 ж. 1 036 0