№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЖӘ: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТТЫ

МЖӘ: ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТТЫ

Соңғы үш жылда Сыр өңірінде түрлі салада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындапайдалануға берілген әлеуметтік нысан қатары арта бастады. Қос тарапқа да тиімді деп танылған әріптестік мемлекет пен бизнестің бірлесе әрекет жасауына жол ашты.
Бұл бағытта ауданда атқарылып жатқан жұмыс ауқымды ма? Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бүгінге дейін қанша ғимарат бой көтерді? Құрылысшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Бірінші кезекте, МЖӘ аясында құрылыс жүріп жатқан ғимараттың басым бөлігі – денсаулық саласына тиесілі. Соның айқын дәлелі – жақында ғанааймақ басшысы Қуанышбек Досмайылұлы лентасын қиған Бірлік пен Өзгент ауылындағы қос дәрігерлік-амбулатория. Одан бөлек, Еңбек, Аққұм, Көктөбе елді мекенінде медициналық бекеттер пайдалануға берілді. Тағы да бірнеше ауылда дәрігерлік емхананың құрылысы жүруде.
Екінші орында спорттық сауықтыру кешен­дері. Қос тарапқа да тиімді әріптестік аясында бой көтерген спорттық кешен алғаш Сүттіқұдық ауылында ашылған болатын. 150 орындық жаңа спорттық-сауықтыру кешенін сүттіқұдықтық Гүлжайна Рысбаева ашты. Инвестор өз қалтасынан 100 млн. теңге қаржы шығарып, ауыл жастарының келешегіне керемет мотивация беретін инвестиция құйған болатын. Бүгінде елді-мекендегі спорт кешенінде еркін күрес, тоғызқұмалақ, бокс, гандбол, шахмат спорт түрлері бойынша ауыл жеткіншектері шеберліктерін шыңдауда.
Ал жергілікті меценат Асылхан Шайыхов кенттегі қос қабатты ғимаратқа қайта жаңғырту жұмыстарын жасап, халық игілігіне жаңа спорт кешенін пайдалануға берген болатын. Бүгінгі таңда кешендегі 5 спортық үйірмесінде 350-ге жуық суық шәкірт тәрбиеленуде екен. Олар спорттың таеквондо, қазақ күресі, ауыр атлетика, шахмат түрлерінен үйірмеге қатысып, байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрініп жүр.
Бұдан бөлек, кент орталығында құрылысы жүріп жатқан нысан жайлы аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметқали Базарбайұлы баяндады.
– Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің кәсіпкер үшін ғана емес, халық қажеттілігі үшін маңызы орасан. Бұл бағытта әлі де жұмыстар жандана бермек. Мәселен, «Аяна» дара кәсіпкерлігінің иесі Болат Балғабаев кент орталығында спорт кешенінің құрылысын жүргізуде. Алдағы уақытта қолданысқа берілсе, спортшы қауымға ғана емес, тұрғындарға да табылмас кешен болар еді.Осындай халықтың сұранысынан туған мәселелерді МЖӘ аясында шешіп отырудың мәні зор, – деді сала басшысы.
Бөлім басшысы бұдан бөлек ауыл-аймақтарда да спорттық сауықтыру кешендерінің құрылысы жүріп жатқанын мәлімдеді. Олардың қатарында:  Ақүйік ауылдық округінде бой көтеріп жатқан1000 шаршы метрлік спорт кешенінің құрылысы бүгінде 60 пайызға орындалған. «Бердиллаев» дара кәсіпкерлігі жауапты саналатын құрылыс нысаны толық аяқталса, еркін күрес, қазақша күрес, тоғызқұмалақ сынды үйірмелер жұмыс жасап, ауыл жастарының бос уақытын тиімді жұмсамақ.
Сондай-ақ Қыркеңсе ауылында 728 шаршы метрлік спорт кешеніне «Тәжібек» шаруа қожалығы жауапты. Нысан толықтай іске кіріскенде  белбеу күресі, әйелдер күресі, таэквондо сынды жаттығу залдары жұмыс жасап, ауыл жастарын  саламатты өмір салтына бейімдеуде сапалы негіз қаланған. Қазіргі таңда құрылыс барысы 50 пайызға орындалған.
Ал Қожакентте А.Әбиев көшесінен бой көтеріп жатқан  спорттық кешеннің де құрылысы 60 пайызға орындалған. Мұнда да келешекте  ауыл жастары волейбол, самбо, қазақ күресі, бокс, ауыр атлетика сынды  спорт түрлерінен жаттығатын болады.
Оған қоса, «Айару» дара кәсіпкерлігі бастаған 1200 шаршы метрлік спорт кешенінің де құрылысы 40 пайызға орындалған. Бұл спорт кешені Төменарық ауылдық округінде жүргізілуде.
Айта кететіні, Жаңарық, Қожамберді, Қосүйеңкі, Сунақата, Қандөз ауылында іргетасы қаланған спорт кешендерінің де құрылысы 100 пайызға орындалса, ауыл халқын жұмыспен қамтуға оң ықпал етпек.
МЖӘ аясындағы үштікте ауылдық клуб үйлерінің құрылысы. Өзгент, Жайылма, Қосүйеңкі, Екпінді, Бесарық ауылынан 150 орындық клубтың құрылысы басталмақ.
Түйіндей айтқанда, дамыған елдер эко­номикасында мемлекет пен жеке бизнестің өзара қарым-қатынасының жаңа формасы – мемлекет пен жекешелік әріптестік кең қанат жайып келеді. Ол әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға және жеке кәсіпкерлік нысандарын тартудың тиімді механизмі болып табылады.

Ханзада ДОШАН
12 тамыз 2019 ж. 861 0