№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЖАҢА ЕМХАНА

ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ЖАҢА ЕМХАНА

  Медицина саласын дамытуда шалғай ауылдарда амбулаториялық емдеу орталықтарын ашу аурудың алдын алу мен саламатты өмір салтын қалыптастыруда тиімді тетік саналады. Осы орайда Бірлік және Өзгент ауылдық округінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген қос бірдей жаңа дәрігерлік амбулатория халық игілігіне пайдалануға берілді. Жаңа кешеннің лентасын қию салтанатына ауыл халқымен бірге аймақ басшысы да куә болды.

  Өзгенттегі аталмыш амбулотория құрылысын «Ныш-Ер» ЖШС жүргізді. Ауылдың орталық көшесінің бойында орналасқан денсаулық сақтау нысанын іске қосу үшін Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов, аудан әкімі Ғалым Әміреев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов, қатысты. Алғаш сөз алған аймақ басшысы Қуанышбек Досмайылұлы:
– Ең басты байлық – адамның денсаулығы. Онсыз ел халқы алдыңғы қатарлы мемлекетке қол жеткізе алмайды. Сондықтан Елбасы Жолдауында «Қазақстандағы әрбір азаматтың денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс», – деп атап көрсетті. Ендеше, осы жолда айрықша денсаулық сақтау саласының мамандары өздеріне артылған міндетті абыроймен атқарады деп сенім артамыз. Бүгінгі таңда медицина қызметкерлеріне мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдаудың өзі қомақты. Бұған емдеу мекемелеріндегі білікті мамандар мен мекеменің заманауи медициналық қондырғылармен толығуы дәлел. Ашылғалы тұрған жаңа нысан құтты болсын, – деп ізгі тілегін жеткізді.
Өзгент ауылындағы салтанатты шарада ауыл­дық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қалкөз Әбдікәрімов те сөз алып, ауыл тұрғындарын құттықтап, амбулатория ғимаратының құрылысын жүргізген «Ныш-Ер» ЖШС-нің бас директоры Ерболат Төрежановқа ауылдастар атынан риза­шылығын білдірді.
– Осы уақытқа дейін ескі ғимаратта ем қабылдап, қыс ауасы кішкене ыңғайсыздық тудыратын еді. Енді міне, жаңа емдеу мекемесі ел игілігіне беріліп, халықтың батасын алып жатыр. Сондай-ақ басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса, ақ халатты абзал жандарға жүгінетіміз ақиқат. Адам жанының арашасысы деген қастерлі мамандық иелерін қаншалықты дәріптесек те артық етпейді, – деді ауыл ақсақалы Қалкөз Әбдікәрімов.
Ел ағасының құттықтау сөзінен кейін емдеу мекемесінің лентасы қиылып, меймандар мен ауыл тұрғындары жаңа ғимаратты ішкі мүмкіндігімен танысты.
Өзгент ауылындағы жаңа заманауи құрыл­ғылармен жабдықталған амбулаторияға басшылық жасайтын білікті маман, аға дәрігер Ерболат Қаратаевтың қарамағында 20, ал Бірлік ауылдық округіндегі дәрігерлік емхананың аға дәрігері Нұргүл Жошиеваның басқаруында 27 қызметкер жұмыс жасайды. Жалпы құны 163 млн. теңгеге салынған Өзгенттегі емдеу орталығында дәрігерлік қабылдау бөлмесі, екпе, ине шаншу, акушерлік және ерлерді қарау бөлмесі, физкабинеті тағы да басқа кабинеттер бар. Ал құны 157 млн. теңгеге салынған Бірлік ауылындағы дәрігерлік-амбулаторияда да дәл осындай бөлмелер ел игілігі үшін жұмыс істейтін болады.
– Ұлт саулығы – мемлекет байлығы. Тәні саудың–жаны сау екендігі айтпасада түсінікті. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алдын алу біз үшін өте өзекті болып табылады. Келешек ұрпақтың баянды болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру – біздің дәрігерлік борыш. Біз халықтың бізге деген сенімі артатындай, қажетті кәсіби көмек алатындай халыққа қызмет көрсетсек одан артық абырой жоқ, – дейді Бірлік ауылдық дәрігерлік-амбулоторияның аға дәрігері Нұргүл Жошиева.
Иә, соңғы үш жылда Сыр өңірінде түрлі салада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында пайдалануға берілген әлеуметтік нысан қатары арта бастады. Қос тарапқа да тиімді деп танылған әріптестік мемлекет пен бизнестің бірлесе әрекет жасауына жол ашты. Ел экономикасын жаңа белеске көтеруге, оны әртараптандыруға және кәсіпкерлерді бюджеттің қарымы жете бермейтін ірі инвестиция тартуға бағытталған жобаның тиімді тұсы көп. Басым бағыттың бірі – денсаулық сақтау саласы. Мәселен, аталған салада облыс бойынша 30-ға жуық жобаға жұмыс жүргізілуде екен.
Осылайша Жаңақорған ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске қосылған қос дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 40-50 адамды қабылдай алса, күндізгі стационарлық емдеу бөлмесі екі орталықта да 5 адамға арналған. Сондай-ақ, Өзгентте ашылған жаңа заманауи амбулатория 2584, Бірлік ауылындағысы 5500 тұрғынға қалтқысыз қызмет көрсетуге толығымен дайын.

Лаура АЙДАРХАН

06 тамыз 2019 ж. 1 071 0