№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Игілік көзі – инновацияда

Игілік көзі – инновацияда

   Адами капиталдың негізін құрайтын білім. Аудан бойынша 42 білім ордасында заманауи талапқа сай оқыту мен тәрбиелеудің барлық тетіктері қарастырылып, жаңаша білім мазмұны әрбір тәлімгер тұлғаның сапалық тұрғыдан дамуына, шығармашылықпен жұмыс жасап, өз-өзін жетілдіруіне мүміндік көздерін кеңінен ашып отыр. Осындай қамқорлықтар аясында қабілет-қарымын шыңдап, бірлік пен ынтымақтан қуат алған қарашаңырақ қатарында Жайылма ауылындағы №195 орта мектебінің қатарынан озық танылып келе жатқан прогрессивті әлеуетін айрықша атауға болады.

  Типтік жобада жаңадан пайдалануға берілген Жайылма мектебі 2015-2016 оқу жылында облыс бойынша 22 инновациялық мектептің қатарынан танылып, гимназия статусына ие болды. Бұл жетістіктер білім ұясының тынысын тың бағытқа бұрып, педагогикалық ұжымға шынайы жауапкершілікті арқалатқаны шындық.
Білім сапасы, ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі көрсеткіштерге қол жеткізу, сонымен қатар материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейімен дараланып, тек жақсы аты шығып жүрген жарқын лепті оқу ошағына ат басын бұрған облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовты мектептің жалпы жағдайымен хабардар етумен қатар білім саласы бойынша аудандағы ахуалға терең баға берген аудан әкімі Ғалым Әміреев алдағы уақытта, нақтылап айтқанда, биыл және келер жылы жаңадан үш мектептің құрылысы басталатынын жеткізді. Аудан орталығындағы №169 орта мектебінің құрылысына республикалық бюджеттен 500 млн теңге қаражат бөлініп, қыркүйек айында бастандырылмақ. Ал келер жылға жоспарланған МАИ бекеті мен Жаңарық ауылындағы жаңа мектеп құрылысына алғышарттар әзірлену үстінде екен.
ІТ технологияны меңгеруде алдыңғы қатарлы талап қылып, аймаққа танылған жайылмалық өрендер көптеген жетістікке жетіп жүр. Робототехниканың мүмкіндігі оның қыр-сырын ақыл-ойдың қуатымен бағындыра білген ізденімпаз білімгерлердің бітім-болмысынан баян тауып, келешегіне кемел сенім ұялатты. Үйірме жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі, негізгі мамандығы инженер, ал он төрт жылдан бері ұстаз Ахмедов Оспан 5-11 сынып оқушылары арасында талапкерлермен робототехника, яғни бағдарламаны енгізу арқылы жаңа технологиялық құрал жасау жұмысын үзбей жалғастыруы арқасында шәкірттерінің пәнді терең игергенін, облыстық сайыста оқушылары Айбек Орынбасар және Айбек Асхатұлының І орын алғанын мақтанышпен жеткізді.
Бұл күні көптің көз алдында 6 сынып оқушылары Құлтас Сұңғат және Жолдасбек Райымбектің өздері қолдан құрастырып шығарған лего-конструктордың тұсауы кесілді. Жоба 217 элементтен тұрады екен. Жалпы, мектепте 546 элементтен тұратын 10 комплект өрендер игілігінде. Жеткіншектерді бағдарламаның тілін түзуге баулитын аталмыш пәннің заманауи маңызын басымдықта игеруге талпынғандарға мектеп басшылығы барынша қолдау танытып келеді екен.
Жаңашыл білім мен жүйрік қиялға дағдыландыратын өнерді меңгерген "жас конструкторларға" разылығын білдірген облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов келесі сәтте осы оқу ошағында оқитын көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына өз атынан соңғы үлгідегі сапалы мектеп формалары мен оқу портфелін сыйға тартты.
Облыс әкімімен бірге облыстық білім басқармасы басшысы Майра Мелдебекова, аудандық білім бөлімі басшысы Болат Ибрагимов білім ошағының алдағы мүміндіктерін саралап, нақты бағыт-бағдарлар бойынша кеңес алмасты.

Баян ҮСЕЙІНОВА

06 тамыз 2019 ж. 622 0