№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ынтымақ кілті – ыстық жүректе

Ынтымақ кілті – ыстық жүректе


Тәуелсіз елімізде табысқа жетудің түйінді факторы ұлттық білім беру жүйесін жаңарту болып табылады. Бұл бағытта ауданымызда көрсеткіш қандай? Осы орайда өңіріміздегі үздік он мектептің санатынан саналып келе жатқан Жайылма ауылындағы №195 мектептің тұрақты түрде жаңару ахуалы көп білім ошақтарына үлгі боларлықтай. Жетістік сыры – білімнің сапасында. Оған қалай қол артуға болады. Осыны терең зерделеп, білу мақсатында біз осы білім ошағына арнайы ат басын тіредік.


Тәуелсіз елімізде табысқа жетудің түйінді факторы ұлттық білім беру жүйесін жаңарту болып табылады. Бұл бағытта ауданымызда көрсеткіш қандай? Осы орайда өңіріміздегі үздік он мектептің санатынан саналып келе жатқан Жайылма ауылындағы №195 мектептің тұрақты түрде жаңару ахуалы көп білім ошақтарына үлгі боларлықтай. Жетістік сыры – білімнің сапасында. Оған қалай қол артуға болады. Осыны терең зерделеп, білу мақсатында біз осы білім ошағына арнайы ат басын тіредік.
2014 жылы заманауи үлгіде соғылған еңселі ғимараттың материалдық-техникалық базасы талапқа сай. 2015-2016 оқу жылында облыс әкімі Қ.Көшербаев Назарбаев зияткерлік дербес орталығымен меморандумға отырып, облыс көлемінде инновациялық деңгейде 22 мектепті ұсынса, соның қатарында аудандағы №110 мектеп-лицейі мен осы №195 орта мектеп болды. Инновациялық мектептің статусына сәйкес, №195 мектеп гимназия мәртебесін алды. Осыған байланысты гуманитарлық пәндер бағытында жоғары оқу орындары оқытушы-ғалымдары аптасына 5 сағат оқушыларға дәріс береді. Осындай талаптың арқасында білім ошағында одан әрі орныға түскен оң жетістіктерді баяндаған мектеп басшысы былай дейді:
– Білім ордасында 306 оқушы, 45 мұғалім бар. Он төрт жыл бойы ҰБТ көрсеткіші бойынша білімгерлеріміз 50-ден жоғары балл алып келеді, бірде-бір рет екілік шыққан емес. Жаратылыстану бағыты бойынша ағылшын тілінен 5 мұғалім арнайы курстан өткен.
Оқушыларымыздың ғылыми жұмыстары жоғары бағаға ие болып жүр. Атап айтсақ, облыстық олимпиадада Оспан Рахат химия пәнінен 3 орынды иеленді (жетекшісі Бану Дәнебекова) химия бағыты бойынша Ахатай Сымбат, математикадан Әли Мәди, тарих пәні бойынша Яхия Жұлдызай үздік танылды. Облыстық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Құлтас Аружан қазақ тілі, әдебиетінен, Ибадулла Күмісай ағылшын тілінен, Қамбарбекова Лаура қазақ тілінен үздік нәтиже көрсетті. Робототехника бойынша 2017-2018 оқу жылында «Robotest – 2018» фестивалінде 8 сынып оқушысы Орынбасар Айбек пен 10 сынып оқушысы Оспан Рахат командалық сайыста жүлделі орынды иеленді. «KasRobotics – 2019» байқауында 9 сынып оқушылары І орынды, 6 сынып оқушылары ІІ орынды еншіледі.
Бүгінде оқу орнын басқарып келе жатқанына он алты жылға жуықтаған тәжірибелі басшы жетістікке жету сырын былай түйіндейді.

– 2007-2008 оқу жылында білім нәтижесі бойынша ауданда І орын алып, Астанаға жолдамамен саяхаттағаным бар. Сондағы Бәйтерекке алақанымды қойып тұрып ҰБТ-ға қатысып, түгел жоғары балл алып шыққан 13 оқушыма табыс тіледім. Үмітіміз ақталып, 13 түлек түгелдей грантқа оқуға түсті. Білімге ұмтылған жас өреннің келешекке үмітін үкілеп, сабақ үлгіріміне сына түсірмеуде әрине тәлімгерлеріміздің терең жауапкершілігі қажет. Білім және тәрбие сапасының талап деңгейінде сақталуына сындарлы жұмыс жасап келе жатқан мектебіміздің оқу және тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілері Боранбаева Гүлбазар, Егембердиева Ләззат, кәсіби бағдар жөнінен жетекшіміз Оспанова Күлби және мектеп психологы Бану Дәнебековалардың еңбегі айрықша. Жаңаша оқыту мазмұнын қалыптастыруда. Ыбырай Алтынсарин медалының иегері математика пәнінің мұғалімі Күләш Әлжанова, тарих пәні мұғалімі Сәбит Әшірбаев, химиядан Дәнебекова Бану, қазақ тілі әдебиетінен Қамбарбекова Лаура, ағылшын тілінен Камшат Дүйсенбаева сынды ұстаздардың ұлағаты айрықша. Осы тәлімгерлердің арқасында мектептер бойынша білім мазмұнын бағалаудың индикаторы: оқу жетістіктерін сырттай бақылау, ұлттық деректер базасы, ғылыми жобалар, облыстық олимпиадада үздік танылу бойынша рейтингте деңгейімізді ұстап отырмыз.
Жаңа дәуір мектебі. Ол қандай болу керек?
Осы тақырыпта Астанада өткен оныншы Халықаралық конференцияға қатысып қайтқан мектеп директоры Жанат Жүсіпованың білім ошағына енгізген бастамашылдықтары көп. Жаңартылған білім мазмұны бойынша «Jesson-stadi» әдісі 2016 жылдан бері қолданысқа енді. 2016 жылы осы тақырыпта тұңғыш облыстық форумның осы оқу ошағында ұйымдастырылуының өзі көп нәрсені аңғартады. Биылғы оқу жылында да мектепте аудандық семинар ұйымдастырылды. Жалпы, бұл оқу ошағы «Магнитті мектеп» ретінде аудандағы мектеп мұғалімдерімен үздіксіз тәжірибе алмасып отыруға міндеттелген.
Жақында ғана мұғалімдер арасында өткен «Үштілділік – білім беру жүйесін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» облыстық байқауында химия пәні мұғалімі Бану Дәнебекова жүлделі ІІІ орынды иеленіп қайтыпты.
Оқу ошағында арнайы 2 лингофон кабинеті, 2 информатика кабинеті, мультимедиалық кабинет, химия, биология, физика кабинеттері толық сапада жабдықталған. Еңбекке баулу кабинетінде металл және ағаш өңдейтін станок, 6 тігін машина бар. 20 кабинет интерактивті тақтамен қамтылған. Робототехника кабинеті бар. 160 орындық акт залы, оқу залымен қоса кітапхана білімгерлер игілігінде.
Мектепте үйірмелер жұмысы да нақты жолға қойылған. Күрес және бокс секциясы жұмыс істейді. Директор жаңа басшылыққа келгенде 300 баланың толық шахматқа қамтылуын қаперде ұстап, факультативтік сағат бөліпті. Соның нәтижесінде алғыр, білікті өрендер жылда өтетін шахмат сайыстарында үздік танылуда. Жақында облыстық байқауда 6 және 9 сынып командасы жүлделі І орынды алып оралды.
120 орындық мектеп асханасында 67 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Тамақ рационы, ас мәзірі үнемі басшылықтың қадағалауында екен.
Ұжымда әлеуметтік ахуал орнықты. Бүгінге дейін бірде-бір арыз шағым болмаған. Мұның себебі ауызбірлікте. Мұғалімдердің барлығының дерлік жүктемесі толық, кадрды іріктеуде ашықтық пен әділдік алдыңғы орынға шыққан. Әлеуеті мықты кәсіби кадрды танып, болашақтың пайдасына жарату үлгілі іс, келешек игілігіне үздіксіз құйылып тұратын үлкен инвестиция емес пе?
Мектеп басшылығының осы тұрғыдағы ынталы жұмыстары лайықты бағаланып жүр. Мектеп директоры Жанат Жүсіпова жыл қорытындысымен «Үздік білім қызметкері» номинациясымен марапатталыпты. Облыстық білім басқармасы және кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Жыл таңдауы – 2018» байқауында «Ынтымағы жарасқан ұжым» номинациясын иеленді. Біз үлгілі ұжымға алдағы уақытта тек табыс тілейміз.

Баян ҮСЕЙІНОВА.

28 сәуір 2019 ж. 871 0