Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ПОЛИЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ВОЛЕЙБОЛДАН АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

ПОЛИЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ВОЛЕЙБОЛДАН АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ



Бүгін Жаңақорған кенті, "Алпамыс" спорт кешенінде 23 маусым - Қазақстан Республикасының полиция күні мерекесіне орай волейболдан аудандық ашық турнир басталды.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Мажит Самитов, аудан прокуроры Дабыл Аянұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Ибраев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов қатысты.

Өз кезегінде аудан әкімі Мажит Самитов құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, тәртіп сақшылары арасындағы тартысты бәсекенің ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Турнирге аудандық полиция бөлімі, аудандық өрт сөндіру, аудандық емхана, аудан әкімдігі, аудандық полиция бөлімінің ардагерлері, орман шаруашылығы және Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен құрылған командалар қатысуда.
22 маусым 2025 ж. 1 852 0