Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІЛІМ ТАРАЗЫСЫ: БӘСІМІЗ БИІКТЕП КЕЛЕДІ

БІЛІМ ТАРАЗЫСЫ: БӘСІМІЗ БИІКТЕП КЕЛЕДІ

Білім бәсекесінді бәсіміз биік болып, білім арқылы озғанда ғана озық елге айналамыз. Ендеше, Мемлекет басшысының адами капиталды дамытуына басымдық беріп жатқаны түсінікті-ақ.
...Ұлттың интеллектуалды әлеуетінің негізі, әлемдік бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіші – сапалы білімде десек, оны қалыптастыратын білім ордалары екені ақиқат. Ал, мектептердің білім деңгейін саралайтын көрсеткіштің бірі – пәндік олимпиадалар.

Биылғы білім бәсекесінде жаңақорғандық жастардың жетістігі қуантты. Атап айтқанда, Қызылорда қаласында өткен облыстық пәндік олимпиадаға Жаңақорған ауданынан 26 оқушы қатысып, оның 14-і білімін дәлелдеп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Мән-жайды білу мақсатында аудандық білім бөліміне бардық. Сала басшысы Болат Ибрагимов:
– Оқушының пәндер бойынша білім мен білік деңгейін, қалыптасқан таным-түсінік, инттеллектуалдық, логикалық, аналитикалық ойлау шеберліктерін саралайтын пәндік олимпиадалар мектептердің білім көрсеткішін таразылайтын тетіктің бірі. Осы тұрғыдан қарағанда, жылда облыстық олимпиададан екі-үш оқушымыз ғана биіктен көрінетін. Биыл оннан аса білімпаз білімін дәлелдеп, ауданның абыройын асырды. Осыдан-ақ, мектептердің білім беру ісінде ілгерушілікті, ұстаздардың фундементалды білім берудегі еңбегін көруге болады, – деді.
Пәндік олимпиадалар оқушының білімін шыңдап, бәсекеге қабілеттілігін арттыратыны рас. Ал, аудан оқушыларының дарыны мен қабілет-қарымын ашуға жақсы жағдай жасалуда. Заманауи типтік жобадағы мектептер салынып, компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, зертханалық кабинеттер ашылуда. Мүмкіндігі мол сенсорлы панельді тақталар келді. «Робототехника» факультативтік сабақтары жүргізілуде. Яғни, қала мен ауыл мектебінің деңгейін теңестіру бағытында тыңдырымды тірліктер баршылық...
Енді білім бәйгесінде бәсі биік болған жүлдегерлерге тоқталсақ.
Облыстық олимпиадаға математика пәнінен қатысқан №240 мектептің оқушысы Аружан Қадырбайқызы «жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» атанып, республикалық кезеңге жолдама алды.
№110 мектеп-лицейдің тәлімгері Назгүл Муллахасан мен Газиза Жұмабек, №56 мектептің оқушылары Ботакөз Иваш пен Ақсымбат Нұрмағамбет, №213 мектептен барған Нұрберген Сапарбай мен Айда Нұрланқызы Сыр өңірінен келген білімділер арасында ерекшеленді.
№3 мектеп-интернаттың оқушысы Қарлығаш Жарқынбек ағылшын тілінен қатысып, халықаралық қатынас тілін жақсы меңгергенін көрсетті. Физика пәнінен білімін тексерген №162 мектептің оқушысы Нұртілеу Асылтұрсын, №167 мектептің ізденімпазы Ақжан Шаппай, №169 мектептің тәлімгері Нұршат Уркараева нәтижелі көрсеткіш көрсетті.
Математика пәніне жүйріктігін №125 мектептің оқушысы Гүлназ Камал дәлелдесе, биологиядан сынға түскен №164 мектептің оқушысы Айгерім Қайратқызы, географиядан білімін саралаған №208 мектептің білімпазы Айдархан Өскенбай дара шықты.
№110 мектеп-лицейінің директоры Әділмырза Тәждинов қуанышымен бөлісіп:
– Алған білімді жүйелі саралаудағы жүйріктікті, алғырлықты, тапқырлықты және бәсекеге қабілеттілік дағдыларын шыңдайтын пәндік олимпиадаларға біздің мектептің оқушылары жыл сайын қатысып, жүлдеге ілініп жүреді. Биыл екі оқушымыз бәсеке алаңында білімін дәлелдеп, жүлдемен оралды. Бұл – ұстаздарының еңбегі ақталғаны, – деді.
Расында, жастардың бойындағы ынталылық, ойлылық, дарындылық, талаптылық, білімділік сынды озық қасиеттерді анықтап, талғам-таразысын кеңейтетін пәндік олимпиадаға біздің оқушылар белсенді қатысып, аудан абыройын асырғаны қуатты.
– Менің ойымша, пәндік олимпиаданың шыңын бағындыруда жүйелі дайындық және тынымсыз еңбек қажет. Соған көзім жетті. Маған сенім білдіріп, қолдаған ата-анама алғыс айтамын. Ұстазым Аскербек Шегенов ағайға берген білімінің арқасында есептерді, логикалық тапсырмалар мен күрделенген олимпиадалық сұрақтарды тиісінше жауап бердім. Нәтижесінде, республикалық пәндік олимпиадаға Сыр өңірінің атынан қатысатын болдым. Енді жауапкершілік жүгі арта түсті. Сондықтан дайындықты күшейтіп, білімімді дәлелдеуім қажет, – деп мақсат-мұратымен бөлісті Аружан Қыдырбайқызы.

P.S.: Білімді де білікті оқушыларды іріктеп, оларға қолдау көрсететін пәндік олимпиадалар мектеп көрсеткішінін негізгі критерийіне айналады. Бұл – адами капиталды дамытуға басымдық берген озық елдердің тәжірибесі. Ендеше...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

19 қаңтар 2019 ж. 1 200 0