№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

№53 (8867) 19

19 шілде 2025 ж.

№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Енді мешітке бармаймын.

Енді мешітке бармаймын.


Бір жас жігіт Имамға келіп:
- Мен енді мешітке келмеймін! – дейді
Имам:
- Неге?
Жас жігіт:
- Мен адамдардың уағыз кезінде телефон қарап, екеуара әңгіме айтып, тіпті өзгелерді ғайбаттап отырғандарды да көрдім. Бұл байқағанымның бергі жағы ...
Сонда Имам:
- Жарайды, бірақ кетпес бұрын Сізге бір өтініш: бір стақан суды алып, мешіт ішін тамшы су төкпей айналып шықсаңыз?. Осыдан кейін, қаласаңыз бара беруіңізге болады.
Жас жігіт бұл өте оңай деп ойлады!
Имам сұрағандай, ол үш рет айналды. Бітірген соң, ол имамға міне еш кедергісіз айналып шықтым дегендей жақындады .
Сонда Имам:
- Су толы стақанды алып, мешітті айналып жүргеніңде: өзгені ғайбаттап отырғандарды көрдіңіз бе?
Жас жігіт:
- Жоқ.
- Телефонға қарап отырған біреуді көрдіңіз бе?
- Жоқ.
- Неге екенін білесің бе?
- Жоқ.
- Себебі, Сіздің бар назарыңыз суға толы стақанда болды. Бар ойыңыз тамшы су төгіп алмау. Мұнда да солай, біздің барлық ой-назарымыз Аллаһта болу керек, басқа адамдардың қателіктерін көруге уақыт жоқ!
Түйін.Ия, Имамның айтқаны жөн-ақ. Дегенмен, мешітке баратын жамағат бізгеде осы ретте ойланатын жайттар бар сияқты?!
02 сәуір 2019 ж. 1 726 0