№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Баланың тәрбиесі қандай болу керек?

Баланың тәрбиесі қандай болу керек?


Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өсиеті:

"Перзент тәрбиесі үш басқыштан тұрады. Біріншісі, туылғаннан жақсы-жаман сөзді айыратын жасқа дейін перзентке патшадай қарап, ата-ана оның құлындай болуға тиіс. Екіншісі, есін танығаннан балиғат жасына дейін ата-ана патшаға айналып, перзентіне құлдай мәмілеге көшу керек. Үшінші, перзент балиғат жасқа жеткеннен бастап ата-ана перзентпен достай қатынаста болу қажет".
Хазірет Ұлықпан хакімнің өсиеті:
Нәрестесін алып келіп: "Перзентімізді оқытып, тәрбиелеп өзіңіздей данышпан хакім етіп беріңіз", – деп өтініш жасаған ата-анадан "Нәрестенің туылғанына қанша күн болды?" – деп сұрап, туылғанына үш күн болғанын естігенде: "Өкінішке орай, кеш алып келіпсіздер", – деп жауап беріпті. Сонда ата-ана таңданып; "Ей, хакім, баланың туылғанына енді ғана үш күн болды ғой!" – дейді. Ұлықпан оларға: "Данышпандықтың бірінші шарты – сабырлылық. Нәресте жарық дүниеге шырылдап жылап туылады. Ол жылап-жылап ақыры өзі қояды. Мұнымен балада дүниеге деген сабырлылық пайда болады. Ал, керісінше, баланы жылағанынан-ақ қолға алып, әлпештеп, оған емшек беріп жұбатса, мұнымен сабырлығы жоғалады. Кейіндеу басына қиын іс түссе, оған сабырлық етіп, қиыншылықты жеңу орнына, қашан біреу келіп ісімді істеп береді екен деп көз жасын төгіп отыра беретін халге жетуі мүмкін, яғни дайынға әдеттенеді. Дайынға әдеттену данышпандыққа қайшы".
12 сәуір 2018 ж. 1 978 0