№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 70-ке таяған ата 20 жастағы жігіт қалпын сақтаған

70-ке таяған ата 20 жастағы жігіт қалпын сақтаған


Шанхайлық ер адам 68 жаста болғанымен сырт көзге 20 жастағы жігіт секілді көрінеді. Оны көргендер үнемі студент жігіт екен деп жатады.

Ха Хая есімді Шанхай тұрғыны 1950 жылы туған. Бала күнінде әкесі қайтыс болып, 6 бауыр анасымен қолында тәрбиеленген. Ол бала күнінде көптеген спорт түрімен айналысқан. Бірақ кәсіби деңгейде жаттықпаған. Өзінің жас көрінуінің себебі спортқа деген қызығушылығының арқасы деп ойлайды.
Ха Хая жайлы екі жыл бұрын БАҚ бетінде жарияланды. Ол дарындылар байқауына қатысып, көрерменді таңғалдырды. Оны «ең заманауи ата» деген титулмен марапаттады. Содан бері телеэкранда, журнал мен сән әлемінде жүр.
Ха Хая йогамен айналысатынын, медитация жасайтынын, күніне бір уақыт басымен төмен қарап тұратынын айтты. Сол себепті де бетіне көп әжім түсмпей, шашы сиремейтін көрінеді. Тек пайдалы тағамдар жейді.
«Егер сіз өзіңізді кәрі санап, өлімге дайындалсаңыз, сіз қартая бересіз. Бірнәрсені үйрену үшін уақыт кедергі болмайды. Егер сіз қартайсаңыз да, жігеріңізді жоғалтпасаңыз, өмірден ләззат аласыз», – дейді Ха Хая.
05 қыркүйек 2018 ж. 1 358 0