Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАЙЫЛМАДА ҚАРБЫЗ ШЫРЫНЫ ӨНДІРІЛЕДІ

ЖАЙЫЛМАДА ҚАРБЫЗ ШЫРЫНЫ ӨНДІРІЛЕДІ

   Елде агроөнеркәсіп кешенін дамыту – аграрлық саясаттың маңызды бағыты. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында алдыға батыл  қадам жасап, Үшінші жаңғыруды бастауға пәрмен берді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласын жаңа экономиканың драйверіне айналдыруға баса маңыз берілді. Бұл өз кезегінде аграрлы саланың қарқынды өсуін және оны тиімді бизнес көзіне айналдырып, тұрақты жұмыс көздерінің ашылуына даңғыл жол ашады.
ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð°ÑбÑзнÑй Ñок
  Осы тұста, Президент пәрменіне сай, елімізде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге аса бастады. Бұл бағытта Ауылшаруашылығы министрлігі тарапынан Агроөнеркәсіп кешенін дамыту Карталары жасалды. Ол бойынша саланы 14 бағытта жетілдіру көзделуде. Соның бір бағыты – аграрлық қайта өңдеу. Біз бүгін осы тақырыпты кеңінен тарата айтамыз.
  Жыл басы әз-наурызда Жайылмадан жағымды жаңалық жетті. Қарбызымен қадірлі елдімекенде қарбыз шырынын шығаратын шағын цех іске қосылады. Бұған дейін аудан әкімі Ғалым Әміреев ел алдында берген есепті кездесуінде инвестор табылғанын, биыл Жайылмада қарбыз нәрінен сусын шығарылатынын мәлімдеген болатын. Міне, көктемнің алғашқы күнінде қарбыз сусынын неміс технологиясымен өндіретін «KazExpertTrade» ЖШС мамандары Жайылма ауылына келіп, шаруақожалық төрағаларымен кездесті. Германиядан келген инвестор Иохан Марс жаңашыл жобаның жай-жапсарын түсіндіріп, шырын шығаруға қандай қарбыз жарайтынын жеткізді.
  – Бізге белгілісі, Жайылманың қарбызы – Сыр өңірінің бренді болып қалыптасқан. Алыс-жақын шетелдіктерге де таныс. Сондықтанда біз зерттей келе, осы ауылда шағын цехты іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сәтін салса, кәсіпорын маусым айында толық орналастырылады. Жаңа технологиямен жабдықталатын қажетті аппараттар Германиядан жеткізіледі. Бұл заманауи аппарат 1 сағатта 900 литр қарбыз шырынын дайындауға қауқарлы. Десе де, шаруашылықтарға ескертетін бір мәселе бар. Біздің өндіретініміз табиғи шырын болатындықтан, қарбыз құрамында химиялық қоспалар болмауы қажет, – деді инвестор Иохан Марс.
Яғни, көп диқандар өнімін ерте піскенін
қалап, химиялық қоспа қосатыны жасырын
емес. Бұл өз кезегінде табиғи шырынға зиянын келтіретіндіктен шаруалар биыл асықпай бақша өнімдерін егулеріне кеңес берді. Оған қоса, қауын шырынын да шығаратыны белгілі болды. Сондай-ақ инвестор «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің Жайылма ауылы тұсынан арнайы ғимаратты жалға алған. Инвестордың сөзінше, маусымдық негізде екі ауысымда 40-45 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр екен. Бұлда болса, жергілікті тұрғындардың нәпақасын айыруға мол мүмкіндік. Бұған дейін, Алматыда алма шырынын өндіруді жолға қойған серіктестік енді Сыр еліндегі жобаға көп үміт артып отыр.
  –  Баршаға белгілі, шілде айы туысымен жұртшылық Жайылманың қарбызын іздей бастайды. Өйткені дәмі тіл үйіретін бақша өнімдері жаз мезгілінде жұрттың жеңсік асына айналып шыға келеді. Таудың таза суымен суғарылып, тың топыраққа егілетін қарбыздың адам ағзасына да пайдасы зор. Соданда болар, жыл сайын қарбыз өніміне деген сұраныс азайған емес. Енді міне, аудан әкімі Ғалым Әміреевтің бастамасымен ауылға инвестор тартылып, игілікті іс бастау алғалы тұр. Бұл ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш, – дейді Жайылма ауылдық округінің әкімі Талғат Зейдалиев.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
16 наурыз 2019 ж. 1 104 0