№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЦИФРЛАНДЫРУ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТАДЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТАДЫ

Елде агроөнеркәсіп кешенін дамыту – аграрлық саясаттың маңызды бағыты. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын жаңа экономиканың драйверіне айналдыруға баса маңыз берілді. Осы тұста, Президент пәрменіне сай, елімізде Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге аса бастады.
Бұл бағытта Ауылшаруашылығы министрлігі тарапынан Агроөнеркәсіп кешенін дамыту Карталар жасалды. Ол бойынша саланы 13 бағытта жетілдіру көзделуде. Соның бірі, саланы цифрландыру. Шалғайдағы шаруа қожалық иелеріне қолжетімді электрондық құжат рәсімдеуге жағдай жасау болатын.
Биылдан бастап, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ресми сайты жанынан Qoldau.kz Бизнеске арналған цифралық платформасы іске қосылды. Бұл қосымшада шаруаға қажетті «Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген дизель жанармай үлестіру», «Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімі», «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша электрондық жоспарлар», «АӨК субьектілерінің электрондық картасы» сынды медиа-ресурстар орналасқан. Сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау үшін өтінімдер электронды түрде өтінім бере аласыз. Осы өтінім түрін жаңақорғандық шаруалар игілігіне икемдеуде. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Серік Сейдуалиев пайдалы порталға кіріп, кез келген шаруа қожалық жеке кабинет арқылы тіркеліп, минералды таңйытқыштарға электронды өтінім бере алатынын жеткізді. Сала басшысының орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда Qoldau.kz қосымшасына аудандағы шаруа қожалықтардың 95 пайызы тіркеліп үлгерген. Басым бөлігін бөлім мамандары арнайы тіркеп, мемлекеттік қолдау көрсеткен. Қазіргі таңда, белсенділік танытып, «Ислам» ш/қ, «Нұрбол И» ш/қ, «Агротехнология» қожалығы осы электронды өтінімі қабылданып, отандық тыңайтқыштарға қол жеткізуде екен.
– Мемлекет тарапынан қай сала болмасын қолдау бар. Тек қарекет жасап, еңбектену керек. Енді ауылда отырып, интернетті игілікке икемдеп, минералды тыңайтқыштарға берілетін демеу қаржыны электронды үлгіде тапсыру арқылы алуға болады. Ерте әрекет жасаған шаруа қожалықтар қажетті тыңайтқыштарды сайтқа енгізіп, қажетті субсидияға қол жеткізуде. Бұл ауылдағы шаруа ағайынға үлкен көмек. Әрі жеделдетілген технологияның бір жемісі деп білемін, – дейді Серік Сейдуалиев.
Айта кету керек, Qoldau.kz қосымшасында сан түрлі қызмет түрлері де бар. Яғни, «Сақтандыру өнімдері», «Геоақпараттық портал», «Көліктің серіктік мониторингі», «Сауда алаңы», «Ауа райы қызметі», «Көлік логистикасы» секілді диқаншы қауым мен шаруа үшін қолжетімді ресурстар жасақталған. Келешегі ауылда бақша өнімін еккен диқан осы қосымша құрылғы арқылы серіктес тауып, өнімін шетел нарқына шығаруға, не ұзақ мерзімді қоймаға сақтауға, электрондық сауда алаңына шығарып пұлдауға мүмкіндік туады.
Сондай-ақ Qoldau.kz сайты әзірге пилоттық жоба болғандықтан, қосымша жаңа бағыттар жасақталуда. Оның ішінде, «Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану туралы деректемелердің ақпараттық банкі», «Су шаруашылығы құрылымдарының тізілімі, суларды және олардың пайдалануын есепке алу», «Машиналарды тіркеудің электрондық кітабы», «Селекциялық және асыл тұқымды жұмыстардың ақпаратты қоры» әзірлену үстінде. Алдағы уақытта осы жобаларда жүзеге асса, портал қызметінің аясы кеңейе түспек.
Әбдісамат ӘБДІШ.
23 маусым 2018 ж. 1 702 0