Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ


Елбасы 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жетуге және жаңа әлем көшбасшылардың қатарына қосылу үшін алдымызда тұрған 10 міндетті атап өтті. Бұл ретте ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясында мемлекеттік қызмет көрсетудің 2 түрі бойынша яғни ауданда өндірілетін өсімдік текті өнімдерді басқа облысқа және шет елдерге тасмалдауға берілетін өнімнің карантиндік жай-күйін куйін куәлік ететін карантиндік және фитосанитарлық сертификаттарды беру қызметі жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, бұл құжаттар Республикамыздың ішіне тасмалданатын өнімдерге өтініш түскен күннен бастап 3 күн ішінде, шет елдерге тасмалдау үшін 5 күн ішінде беріледі. Айта кету керек бұл өнімдерді қарап тексеру және тиісті сертификаттарды беру толығымен ақысыз жүргізіледі. Жолдауда көрсетілген «Тиімді мемлекеттік басқару» оның ішінде «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуді цифрландыруды қамтамасыз ету бағытында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» арқылы жүргізудің келісімдері жасалуда. Бұл өз кезегінде Жолдаудың тоғызыншы міндетінде көрсетілгендей сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және бизнес өкілдерімен қарым-қатынасын азайтуға яғни цифрландыруға мүмкіндік береді деп есептеймін. Қазіргі уақытта бизнес өкілдеріне және тиісті қызмет алушы жеке және заңды тұлғалармен дөңгелек үстел ұйымдастырып түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылуда.
Түйіндей айтқанда, елімізде агроөнеркәсіп кешенін дамыту – аграрлық саясаттың маңызды бағыты. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында алдыға батыл қадам жасап, Үшінші жаңғыруды бастауға пәрмен берді. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы саласын жаңа экономиканың драйверіне айналдыруға баса маңыз берілді. Яғни ол өз кезегінде агралы саланың қарқынды өсуін және оны тиімді бизнес көзіне айналдырып, тұрақты жұмыс көздерінің ашылуына даңғыл жол ашады.

Ақдаулет НУРТАЗАЕВ.
24 қаңтар 2018 ж. 1 741 0