Жаңақорған: КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ
2018 жылдың 1 желтоқсанына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 3930, оның 260 заңды тұлғалар, 1414 шаруа қожалықтары, 2256 жеке кәсіпкерлер. Ондағы белсенді субъектілер саны 3793 бірлікке, ал жұмыспен қамтылған адамдар саны 9235 адамға жетіп, 11137,6 млн теңгенің өнімдері (оның 2655,0 млн. теңгесі өнеркәсіп өнімдері) өндіріліп, түрлі қызметтерді көрсетті. Бюджетке түскен салық 1143,3 млн. теңгені құрады. Кәсіпкерлік саласының басым бөлігін бүгінгі күні сауда және қызмет көрсету саласы қалыптастырып отыр. Тиімді сауда және қызмет көрсету саясатын жүргізу өңірдің территориялық дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде маңызы зор.
2018 жылдың 1 желтоқсанына өңірде 567 сауда мен қызмет обьектілері жұмыс істейді, олардың ішінде 17 сауда үйлері, 317 азық-түлік және азық-түлік емес сауда дүкендері, 145 тұрмыстық қызмет көрсету және 61 қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс істейді. 2018 жылдың желтоқсанына бөлшек сауда айналымы 4792,2 млн. теңге болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда индекс өсімі 100,4 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 812 бірлікке жетті.
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту, Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес ауданда үстіміздегі жылы 387 жоба бойынша несие алу жұмыстары жоспарланып отыр. Осы бағдарламаның ІІ бағыты «Бастау Бизнес» жобасына 139 адам оқып сертификаттарын алды. Сонымен қатар, «Бизнес-кеңесші» жобасына биылғы жылы барлығы 139 адам оқытылды.
«Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 308,7 млн. теңгенің 118 жобасы несиелендірілді;
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдай қоры»АҚ Қызылорда филиалы арқылы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 214,5 млн. теңгенің 74 жобасына және «Егінжай» бағдарламасы арқылы 18,5 млн теңгенің 12 жобасы бойынша несиелер алынды. «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы «Іскер» бағдарламасы аясында 26,9 млн. теңгенің 6 жобасы несиелендірілді. Барлығы 568,6 млн. теңгенің 210 жобасына несиелер алынды.
Өткен жылы «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 130,9 млн. теңге болатын 7-жоба несиемен қаржыландырылды. Осының құны 25,972 млн. теңге болатын 3 жобасы «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру арқылы қаржыландырылды. Бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктерде 4 жоба қаралып жатыр.
«Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге байланысты үстіміздегі жылы ауданнан 75 жоба ұсынылды. Осы жобалардың ішінен құны 21 миллион 127 мың теңгені құрайтын 19 жоба грантты жеңіп алды.
Кәсіпкерлікті қолдаудың басқа да бағдарламалары аясында қаржыландырған жобалар:«Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы «Кең дала» бағдарламасы аясында 83,3 млн. теңгенің 9 жобасы несиелендірілді. Оған қоса, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 8 кәсіпкерлік субъектісі 87 млн. теңге жеңілдетілген несие алды.
«Байқоңыр» ӘКК арқылы 2 жобаға 461 млн. теңге несие алынды.
Жалпы, ауданда ағымдағы жылы барлық қаржы көздерінен 255 жобаға 1 млрд 352 млн. теңгенің қаржысы тартылды.
Осымен қатар, ауданда бүгінгі таңға жылдық айналымы 2 млн. теңгені құрайтын кәсіпкерлердің саны 442 бірлікті құрап жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің санының 12,0 пайызын құрап отыр.
Бұдан басқа «Жас прожект» жобасы бойынша 150 жоба ұсынылып оның ішінде 69 жоба жеңімпаз болып 248 жас кәсіпкер 6 ай бойына еңбекақы алып жұмыс жасайтын болды.
Пікір 23 827