№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » БЕТБҰРЫСТАР ДАМУҒА БАСТАДЫ: бірінші бетбұрыс

БЕТБҰРЫСТАР ДАМУҒА БАСТАДЫ: бірінші бетбұрыс


Бүгінде бәсекелестікке сай экономиканы қалыптастырмай өркендеу мүмкін емес. Сондықтан жаһан елдері экономиканың қозғаушы күшіне баланатын шағын және орта бизнесті дамытуға күш салуда. Яғни, ірі кәсіпорындардың орнын кәсіпкерлік субъектілері алмас­тыра бастады. Мәселен, Жапониядағы кəсіпорындардың жалпы санының 90 пайызынан астамын шағын және орта бизнес саласы құрайды. Ондағы шағын бизнесті – отбасылық фермалар (елдегі шағын кәсіпорындардың жалпы санының шамамен 32 пайызы), заңды тұлғалар (20 пайыз) және жеке кәсіпкерлер (48 пайыз) деп үш санатқа бөлуге болады. Бүгінде жапондық кәсіпкерлік дамыту моделі өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Ал, АҚШ-та шағын және орта кәсіпкердің үлесі – 53 пайыз. Онда 1980 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңде кәсіпкерлік субъектілері 13-тен 26 миллионға дейін өсті. Бұл Құрама Штаттардағы жұмыс орындарының үштен екісі шағын және орта бизнес санатына жататын субъектілер құрайды деген сөз. АҚШ-тың әлемдік экономикада қозғаушы күшке айналуында кәсіпкерлік саласының үлесі айтарлықтай...
Жаһандық тенденция терең зерттеп, зерделеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта кәсіпорындардың үлесін 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізу қажеттілігін айтты. Бұл бағытта Үкімет бағдарламалар қабылдап, іске кірісті. Бірақ, бағдарламамен жұмыс бітпейтіні белгілі. Сондықтан жергілікті жерлердегі әкімдер стратегиялық басымдықтарды тиімді жүзеге асырып, кәсіпкерлікті дамытудың оңтайлы тетігін тауып, халықты кәсіпкерлік саласына ынталандыра білуі тиіс-ақ.
Осы ретте, Ғалым Әміреев аудан әкімдігі жанынан мобильді топ құрып, кәсіпкерлікті дамытудың жолдарын тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізуде. Елді-мекендердегі кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы азаматтардың несие рәсімдеп, қаржы алуына қол ұшын созды. Әр аптаның сәрсенбісінде кәсіпкерлерді жинап, пікір алмасып, бағыт-бағдар көрсетуде. Нәтижесінде кәсіпкерлік саласына қан жүгірді. Мәселен, 2017 жылдың 1-желтоқсанына дейін тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны – 3338-ге жетті. Оның 239 заңды тұлғалар болса, 1160 шаруа қожалықтар, 1939 жеке кәсіпкерлер. Белсенді субъектілер саны 3171 бірлікке жетті. Нақты, белсенді кәсіпкерлер саны жөнінен облыста көш бастадық.
Кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны 9213 адамға жетіп, 11126,4 млн. теңгенің өнімі (оның 2838,2 млн. теңгесі өнеркәсіп өнімдері) өндірілді. Бюджетке түскен салық – 1141,0 млн. теңгені құрады.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Бастау-Бизнес» жобасын 183 азамат кәсіптік білім алды. «Бизнес-кеңесші» жобасы аясында 136 адам білімін жетілдірді.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 202,2 млн. теңгенің 79 жобасы несие алды.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының ұсынысымен Қызылорда «Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымынан 238,7 млн. теңгенің 52 жобасы несиелендірілді.
«Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ 6 пайыздық «ІСКЕР» бағдарламасы бойынша аудандағы «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 43,0 млн. теңгенің 6 жобасы қаржыландырылды.
«Бизнестің жол қартасы 2020» бағдарламасы шеңберінде несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 101,8 млн. теңге болатын 7 жобаға қаржы берілді. Ал, құны 15,0 млн. теңге болатын 2 жобаның құжаттары екінші деңгейлі банктерде қаралуда.
«Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге 17 жоба ұсынылды. Осы жобаның 6-ы 7 млн. 50 мың теңгені құрайтын грантқа ие болды.
Бүгінде аудандағы құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар әртүрлі фракциялы қиыршықтас, құмды тас қоспасы, доломит т.б құрылысқа қажетті заттарды шығарумен айналысады. Әктас өндіретін цех іске қосылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолы бойында сервистік қызмет көрсететін бес нысан іске қосылды.
27 қаңтар 2018 ж. 1 514 1

Гость Jeahulalf от 4 наурыз 2019 15:20
Viagra E Sordita Buy Cheap Silagra Levitra Bei Erkaltung viagra Viagra Legal